қазақша · русский · english
   
  Main  News
23.04.2015

04.16.2015 жылы педагогика және психология мамандықтары кафедрасында (магистратура және Ph.D докторантура) «Ғылымға бастар жол» атты тақырыпта «Ашық есік» күні өткізілді!
Ашық есік күніне Педагогика және психология мамандықтарының бітіруші түлектері, магистранттар, колледж, мектеп мұғалімдері, кафедра түлектері шақырылды.
Көрермендер назарына кафедра қызметі, магистранттар мен докторанттардың мамандықтары бойынша бейнебаян көрсетілді. Бітіруші түлектер өз өнерлері мен қойылымдары арқылы жоғары оқу орнынан кейінгі білім алудың қажеттілігін түсіндірді.
Магистранттар академиялық ұтқырлық бойынша слайд презентациялар мен театрландырылған қойылымдар арқылы есеп берді.
Өткізілген іс-шараға тәрбие ісі жөніндегі проректор Ішпекбаев Ж. Е., оқу басқармасының бастығы Таубаева Ғ.З., тәрбие жұмысы, жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бастығы Әбдіқалықов А.Ү., педагогика және психология институтының директоры Кеңесбаев С. М., кафедра меңгерушілері мен оқытушылар қызығушылық танытып, қатысты.
Өзінің құттықтау сөзінде кафедра меңгерушісі Әбдіғапбарова Ұ.М. магистратурада білім алудың қазіргі таңдағы маңыздылығын айтып өтті. Елдің өндірістік, әлеуметтік-экономикалық және интеллектуалдық өсуге қабілетті кадрларды магистр немесе доктор дәрежесіне ие мамандар дайындайды. Магистр деңгейі студенттер, әріптестер мен ата-аналар арасында кәсіби дәрежесі мен беделін арттырады. Магистратурада білім алу мемлекет тарапынан қолдауға ие. Жақын арада магистратурада білім алу бакалавр дәрежесі сияқты міндетті  болады.