қазақша · русский · english
   
  Main  News
27.04.2015

Академик Сапарғалиев оқулары ҚР Конституцясының 20 жылдығына орайластырылды

 

Үстіміздегі жылы елімізде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен тәуелсіз мемлекетіміздің тарихындағы айтулы даталар кеңінен аталып өтуде. Мұндай іс-шаралардың халық рухын асқақтатуға, ел азаматтарының патриоттық сезімін қүшейте түсуге оң ықпалын тигізері анық.
Еліміздің Негізі Заңы-Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған осындай бір игі шара -«Сапарғалиев оқулары: Қазақстанда конституционализімнің қалыптасуы мен даму мәселелері» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми -практикалық конференцияның да осындай маңызы болды. Осы жылдың 24 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткізілген бұл алқалы жиында еліміздің және алыс -жақын шетелдердің әйгілі заңгер -ғалымдары, ғылым әлеміне енді бет алған жас ізденушілер бас қосты.
Конференцияны ұйымдастырушылар -Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Құқық және экономика институтының мемлекет және құқық теориясы мен конституциялық құқық кафедрасының ұжымы мемлекеттік құндылығымыз болып табылатын Ата заңымыздың өзіндік ерекшеліктерін жан -жақты ашуға бағытталған ой-пікірлер, ғылыми ізденістер тоғысын ұтымды түрде ұйымдастыруға зор мән берген.
Ғылыми жиынды ашқан университеттің ғылыми істер жөніндегі проректоры В.Н.Косов өзінің кіріспе сөзінде Қазақстан Республикасы Конституциясының мән-маңызына тоқтала келіп, еліміздің көрнекті заңгер-ғалымы дарынды педагог, Қазақстанда құқықтық мемлекет құруға зор үлес қосқан академик Ғайрат Сапарғалиев оқуларының Ата Заңның 20-жылдығына орайластырыла өткізіліп отырғандығын атап өтті. Сөз соңында ол конференцияға қатысушыларға және шетелдік меймандарға жиын кезіндегі жұмыстарының жемісті болуына тілектестік білдірді.
Пленарлық мәжілісте академиктер С.С.Сартаев, М.Т.Баймаханов, С.Н.Сабикенов, елге танымал ғалымдар, заң ғылымдарының докторлары Ө.К.Қопабаев, Д.Л.Байділдинов, С.К. Амандықова, Қырғыстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқарма академиясының профессорыЕ.Н.Рақимбаев т.б. сөз сөйлеп, баяндамалар жасады.
Соңынан Халықаралық ғылыми -практикалық конференция 4 секцияда өз жұмысын одан әрі жалғастырды. Бұл секцияларда жалпы жиыны 140-қа жуық ғылыми баяндамалар жасалып, талқыланды.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың
Баспасөз орталығы