қазақша · русский · english
   
  Main  News
28.09.2015

Педагогикалық кадрларды даярлау бойынша ЮНЕСКО стратегиясын жүзеге асыру: Білім беру кеңістігне инновациялық технологияларды ендірудің жолдары және мәселелері


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 2013-2022 жылдар аралығындағы мәдениеттің тоғысуы Халықаралық онжылдығы аясында ЮНЕСКО-ның 70 жылдығына арналып, академик Садықов Тоқмұхамед Сәлменұлын еске алу құрметіне байланысты «Педагогикалық кадрларды даярлау жөніндегі ЮНЕСКО стратегиясын жүзеге асыру: Білім беру кеңістігіне инновациялық технологияларды енгізудің жолдары және мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Пленарлық мәжіліске Абай атындағы ҚазҰПУ-дың басшылары мен профессор-оқытушылары, студенттері мен магистранттары, сонымен қатар шетелдердің белді университеттерінен қонақтар қатысты. Университетіміздің ғылым ісі жөніндегі проректоры, профессор Владимир Николаевич Косов университет ректоры, профессор С.Ж.Пірәлиевтің құттықтау сөзін жеткізді. Владимир Николаевич Косов университетімізде Т.С.Садықовтың мұрасын жүйелеу бойынша тиісті жұмыстар жүргізліп жатқанын айтты. Ғалымның еңбектері жинақталып, жүйеленді, жыл сайын күз айында «Садықов оқулары» атты ғылыми конференция өтеді. Бүгінгі конференция да ғалымды еске алу мақсатында ұйымдастырылған осындай жұмыстардың бірі, деді ол. Сонымен қатар, тағы да қуанышты хабар Алматы қаласы маслихаты мен әкімшілігінің қаладағы бір көшеге академик Т.С.Садықовтың есімін беру туралы қаулысы шыққанын жеткізді.
Сонымен қатар конференцияда педагогика ғылымдарының докторы, профессор Әбілқасымова Алма Есімбекқызы «О необходимости развития педагогического образования в условиях инновационной учебной среды », заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі С.Н Сәбікенов «Роль академика Т.С. Садыкова в подготовке юридических кадров высшей квалификации», ҚР еңбек сіңірген дипломаты, профессор Қ.И. Исағалиұлы «Қазақстанның ЮНЕСКОға кіру тарихы», Қазан мемлекеттік өнер және мәдениет университетінің профессоры Л.В.Карщева «К вопросу от кризисной парадигмы фамилизма к парадигме моделирования брачно-семейных отношении в педагогической практике», М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясының профессоры Б.Ж.Садықов «Страницы вечной памяти» тақырыбында баяндамалар жасап, Т.С.Садықовтың еңбек жолы мен атқарған қызметтеріне кеңінен тоқталды. Ғалымның өмір тарихы туралы тың баяндамадан кейін профессор В.Н. Косов бүгінгі конференция жұмысы «Қазіргі оқу орындарындағы кәсіби білім мен білім менеджменті», «Оқу үдерісіне инновациялық технологиялар мен инновациялық әдістерді ендірудің әдіснамалық мәселелері», «Қазақстанның тұрақты даму аясындағы мәдениет, өнер және білім», «Қазіргі қоғамдағы дене шынықтыру және спортты модернизациялау» тақырыбында 4 дискуссиялық секция жұмысын жалғастыратынын хабарлап, пленарлық мәжілісті қорытындылады.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың
Баспасөз орталығы