қазақша · русский · english
   
  Main  News
23.04.2019

«Ұлы дала жастары: тарихи миссиясы және болашағы біртұтас ұлт қалыптастыру» халықаралық ғылыми конференциясы

 

2019 жылы 19 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының Назарбаев орталығында ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының Қоры, ҚР БҒМ Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтымен бірлесіп ұйымдастырған «Ұлы Дала жастары: тарихи миссиясы және болашағы біртұтас Ұлт қалыптастыру» тақырыбында халықаралық ғылыми конференция өтті.


Шараға көршілес және алыс шетелден ғалымдар келіп, олар өз елдерінде жастардың ғылыммен айналысуын ынталандыру бағытындағы тәжірибелерімен бөлісті. Конференцияда Қазақстанда жастар саясатын жүзеге асыру шараларымен байланысты ауқымды тақырыптар талқыланып, отандық тарих ғылымының өзекті мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Осы орайда Қазақстан мен шетелдік ғалымдардың қоғамдық сананы жаңғыртудағы тарих ғылымының рөлі мен миссиясы, зияткерлік ұлт қалыптастыру мәселесіне қатысты толымды пікір алмасу өтті.


Конференция жұмысын ҚР БҒМ Ғылым Комитеті Мемлекет тарихы институтының директоры, профессор Аяған Бүркітбай ашып жүргізді. Сонымен қатар конференцияда Орынбор мемлекеттік педагогикалық институты Тарих факультеті, Ресей тарихы кафедрасының доценті Татьяна Тугай «Ахмет Байтұрсыновтың Орынбор жолы» кітабының тұсау кесерін өткізді.

 

Осы халықаралық ғылыми конференцияға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың, Тарих және құқық институтынан профессор Жанат Сманқұлова және оқытушы Теміржан Әбдіхалық қатысты. Конференция жұмысындағы жетекші ғалымдардың шеберлік-сабақтарында Жанат Сманқұлова «Тарихты оқытудағы инновациялық технологиялар» жобасын ұсынды.


Конференция соңында қарар қабылданып, конференцияның барлық қатысушыларына сертификат табысталды.

 

   

 

   

 

  

 

Тарих және құқық институты