қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
20.05.2019

Алматыда Қасыл Қатықбаева атындағы оқу гранты табыс етілді

 


 

Байқауда бірінші орынға - 500 мың, екіншіге - 300 мың, үшінші орынға 200 мың теңге берілді

 

Білім бәйгесі өз мәресіне жетті. Алматыда жыл сайын ұйымдастырылатын Қасыл Қатықбаева атындағы оқу грантынын жеңіп алған оқушы салтанаты түрде марапатталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

 

Бірнеше кезеңнен тұрған жарыстың қорытындысы бойынша, тегін оқуға түсу жолдамасын, яғни, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің грантын Тоғжан Баянова жеңіп алды. Ол - Алматы қаласы Қасыл Қатықбаева атындағы №168-ші мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы. Бас жүлде оқу гранты болса, бірінші орынға - 500 мың теңге, екінші орынға - 300 мың теңге, үшінші орын иесіне 200 мың теңге қаржылай сый-сияпат берілді.

 

Байқауға әуел баста Алматы қаласының 8 ауданынан 100-ден астам оқушыдан 25-і іріктеліп, жүлделі орындарға таласқан болатын. Және ашылу салтанатына қала әкімі Бауыржан Байбек қатысып, оқушыларға тілек білдірген еді. «Жастар жылы» аясында Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырыған бұл байқауға қалалық мәслихат депутаты Мұрат Әділханұлы демеушілік жасады. Ал іс-шара мақсаты - ұлағатты ұстаздардың мәртебесін арттырып, оқушыларды ұстаздық мамандыққа қызықтыру.

 

«Әртүрлі байқаулар болып жатады. Бірақ мына байқаудың ерекшелігі, біріншіден, мұнда болашақ қазақ тілі пәнінің ұстазы таңдалды. Меніңше, қазақ тілін, өз ана тілін көтерген адам жаман болмайды. Ұстаз болам деген адам шын мәнінде осыған сенуі керек. Егер адам өз жұмысын жақсы көрмесе, одан жақсы маман шықпайды. Өмір - алда. Мәселе, орын алуда емес, бастысы қорықпау, өз күшіңе сенуің маңызды. Өз еңбегіңе сену, адал болу -бақыт дегеніміз осы», - деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек.

 

20.05.2019 ж.

Ақпарат көзі: almaty.tv