қазақша · русский · english
   
  Main  News
30.11.2015

СӘТТІЛІККЕ ЖОЛ

Қараша айының 26-жұлдызы күні Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің математика, физика және информатика институтының ғимаратында п.ғ.д., профессор Абсатова Марфуға Абсатқызының ұйымдастыруымен «Сәттілікке жол» атты педагогикалық идеялар фестиваль өтті. Фестивальді п.ғ.д., профессор Тұрғынбаева Ботагүл Алтайқызы магистранттарға сәттілік тілеп, салтанатты түрде ашты.
«Сәттілікке жол» педагогикалық идеялар фестивалі педагогика курсының қорытынды іс-шарасы ретінде жинақталды мақсаты магистранттардың инновациялық, педагогикалық тәжірибесін насихаттау, тәжірибе алмасу болды.
Фестивальдың қонағы, сарапшылары қатарында: п.ғ.к., педагогика және психология институтының оқу ісі жөнінде директорының орынбасары Ақтоты Төлеумұратқызы, математика, физика және информатика институтының оқу ісі жөніндегі директорының орынбасары Шерепедин Итахунович, педагогика және психология кафедрасының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Турархан Нұрмұханқызы, п.ғ.д., профессор Тұрғынбаева Ботагүл Алтайқызы, философия докторы Алмаш Тұрғанбайқызы болды.
Фестивальға университетіміздін екі институтының магистранттары қатысты. Ол педагогика және психология институтының және Математика, физика және информатика институтының 1 курс магистранттары.
Фестиваль интербелсенді оқытудың негізінде құрылған 5 сабақты қамтыды: семинар-пікірталас, проблемалық семинар, дәріс пресс-конференция, екі оқытушының дәрісі және семинар шығармашылық сағат.
Барлық сабақтар білім берудің өзекті мәселелеріне арналды. Ең бірінші болып Педагогика және психология институтының Педагогика және психология мамандығының 1курс магистранты Әбдіғаппар Сая. «Инклюзивті білім берудің Қазақстанда дамуы» тақырыбында дәріс пресс конференциядан үзінді көрсетті. Екінші Математика, физика және информатика институтының Информатика мамандығының 1 курс магистранттары Болатаева Майгүл мен Шолпанкулова Толқын «Тұлғаның дамуына әсер ететін факторлар» тақырыбындағы семинар пікірталас ұсынды. Келесі болып Математика мамандығының 1 курс магистранттары Бижанова Гүлнұр мен Рсалды Ұлболсын «Отбасы мен мектептің өзара байланысы» проблемалық семинар өткізді. Педагогика және психология институтының «Мектепте дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 1 курс магистранттары Жакыпова Айнұр мен Оразғалиқызы Дина «Отбасы тәрбиесінің негіздері» тақырыбындағы екі оқытушының дәрісін ұсынды. Физика мамандығының 1 курс магистранттары Өмірхан Шұғыла мен Гмінгір Гүлзәр «Тәрбиенің мазмұны» тақырыбында шығармашылық сағат форматында семинар ұсынды.

Сарапшылардың сараптауы бойынша «Сәттілікке жол» педагогикалық идеялар фестивалінде жоғары оқу орындарында оқыту үрдісін ұйымдастыруда кәсіби шеберлік танытып, жаңашыл форматта, инновациялық мазмұндағы авторлық әдістемесі үшін Математика мамандығының 1 курс магистранттары Бижанова Гүлнұр мен Рсалды Ұлболсын 1-орынды иеленіп, 1-дәрежелі дипломмен марапатталды. Магистранттардың барлығы өз тақырыптарын аша білді. Олар видео-роликтер дайындап, аудиториямен үнемі байланыста болды.

 

Хабарландуыруды дайындаған: Бекмолда Айнура Жумабекқызы