Main
News
15.08.2019 Абай университетінде кешенді тестілеу ашық және әділ түрде өтті
2019 жылғы 14 тамызда «Магистратура» білім беру бағдарламасына арналған жаңа форматтағы кешенді тестілеудің соңғы күні өтті.
Кешенді тестілеуге Абай атындағы ҚазҰПУ-дың оқу ісі жөніндегі проректоры Асан Сатмырзаев, Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің өкілдері, аймақтық Арнайы мониторингтік топтың мүшелері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
2019 жылдың 10-14 тамыз аралығында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Арнайы мониторингтік тобының мүшелерінен құралған арнайы комиссия қаладағы алты жоғары оқу орындарында тексеру жүргізді. Алматыдағы тексеру нәтижелері бойынша 200-ден астам магистратураға қабылданған талапкерлер емтихан тапсырудан шеттетілді.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткізілген кешенді тестілеу кезінде барлық рәсімдер ҚР Білім және ғылым министрлігінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілдеріне сондай-ақ көпшілікке, оның ішінде үміткерлердің туыстарына ашық түрде жүргізілді. Мүдделі тұлғалар емтиханның бүкіл барысын университет ғимаратының сыртында орнатылған экрандардан онлайн режимінде бақылай алды.
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім |