қазақша · русский · english
   
  Main  News
15.10.2019

«Мейірімділік пен қайырымдылық айлығы» акциясы бастау алды

 

2019 жылдың 11 қазаны күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Медеу ауданы әкімдігінің бірлесе ұйымдастыруымен «Мейірімділік пен қайырымдылық айлығы» акциясы бастау алды.

 

Қайырымдылыққа бастау алған бұл шараны Медеу ауданы әкімінің орынбасары Айдос Нұрлыбаев ашып, қайырымдылық шараға қатысуға белсенділік танытып отырған студенттерге алғысын білдіріп, елімізде қазыналы қарттар қашанда біз үшін мерейі үстем, біз үлгі тұтар асыл азаматтар, алдыңғы аға буын қарттарымызың қоғамдағы маңызды рөлін айтып өтті.

 

Сөз кезегін алған университетіміздің бірінші проректоры Мақтағали Бектемесов бұл шараның мазмұнын ашып, университет тарапынан қазыналы қарияларымызға жасалынып жатқан түрлі әлеуметтік қолдаулар туралы шағын ақпарат берді. Сонымен қатар мейірімділік пен қайырымдылықты мақсат тұтқан шарада жастардың барынша белсенді болуларына шақырды.

 

Шара аясында бірқатар Медеу ауданының ардагерлері алғас хатқа ие болды. Солардың қатарында университетіміздің профессоры, Медеу ауданының құрметті ардагері Геннадий Селютин да марапатталды.

 

«Медеу жастары - ардагерлерді ардақтайды» сөзін ұрандатқан жастарымыз осылайша қайырымдылық шараны бастап кетті.

 

Бұл шараның басты мақсаты Медеу ауданында тұратын қарт ардагерлерімізге құрмет жасап, оларға әлеуметтік қолдау көрсету болып табылады. Біздің университетімізбен қатар бұл шара Қазақ ұлттық аграрлық университеті де белсенді қатысуда.

 

Айлық шара барысында «Арлан» белсенді жастар бірлестігімен түрлі мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастыру қарастырылған.

 

   

 

   

 

   

 

  

 

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және

жастар саясаты департаменті