Main
News
04.11.2019 Достықты нығайтатын дәріс
Халықаралық-ғылыми байланыстардың негізінде Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы тарапынан ұйымдастырылған «One Asia Foundation» халықаралық білім жобасының төрағасы Йодзо Сатоның орынбасары, саясаттану ғылымдарының PhD докторы Чанг Жоон Кон 2019 жылдың 1 қараша күні Тарих және құқық институты гуманитарлық мамандықтарының 1-ші курс студенттерімен «Азия қауымдастығы дегеніміз не? Оның қазіргі жағдай мен болашығы» тақырыбында дәріс өткізді.
Лектор өз баяндамасында Азия елдері арасындағы жалпы, жеке және ерекше қасиеттерге тоқтала келе осы елдердің бірегейлігін сақтау үшін қазіргі заманғы гуманизациялау технологияларын қолдану әдістерін ашып көрсетті. Дәріске осы қордың Орталық Азия өңіріндегі бас директоры Чан Бен-Сун және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі «Бірегей Азия» қорының директоры Мионг Сун Ок, Туран университетіндегі өкілі Югай Ирина, сонымен қатар кафедра меңгерушісі, профессор Симтиков Жомарт, кафедраның оқытушылары Кан Георгий, Құсайнов Дауренбек Өмірбекұлы, Мукажанова Альмира және Рахимова Гульнара қатысты.
Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы |