қазақша · русский · english
   
  Main  News
13.11.2019

Жемқорлықпен күресу баршамызға міндет

 

   

 

Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және жемқорлық фактілеріне жол бермеу мақсатында ағымдағы жылдың 12-15 қараша күндері аралығында студент-жастармен кеңейтілген жиын жүргізілуде.

 

Жиынның алғашқы күні Филология және көптілді білім беру институты, Жаратылыстану және география институтында жүргізілді. Жиынға университетіміздің проректорлары бастаған университеттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңес жанындағы комиссия мүшелері мен жастар ұйымдарының жетекшілері қатысты.

 

Жиын жұмысын университеттің бірінші проректоры Мақтағали Бектемесов ашып, жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңес жанындағы комиссия құрамымен таныстырды. Сонымен қатар, жуырда ашылған «Парасат» орталығының қызметі және университетімізде жемқорлықтың алдын-алу бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы мәлімдеме жасады.

 

Сөз кезегін алған оқу ісі жөніндегі проректор Асан Сәтмырзаев емтихан сессиясы барысында қосымша құралдар пайдаланған жағдайда қолданылатын әкімшілік шаралар туралы студенттерге ақпарат беріп, барлық білім алушыларды емтихан барысында мәдениеттілік пен тәртіпті сақтауға шақырды. Одан әрі тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректор Жанатбек Ішпекбаев университетте жемқорлыққа жол бермеу, жемқорлыққа қарсы нөлдік төзімділік пен мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстарға тоқталып, барша жастарды адалдық кодексінің ережелері мен талаптарын сақтауға шақырды.

 

Жиын барысында студенттер тарапынан сауалдар қойылып, түрлі мәселелер мен ұсыныстар талқыланды.

 

Университет білім алушылар арасында сыбайлас жемқорлықты алдын-алу бойынша өтетін жиындар ағымдағы жылдың 15 қарашасына дейін жалғасатын болады.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және

жастар саясаты департаменті