қазақша · русский · english
   
  Main  News
19.11.2019

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

 

   

 

2019 жылдың 14-15 қарашасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география институты химия кафедрасының ұйымдастыруымен «Жаратылыстану-ғылыми білім беруде жаңартылған білім беру мазмұнының мақсатын жүзеге асырудың теориясы мен практикасы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

 

Конференцияның басты мақсаты - білім берудің барлық деңгейлеріндегі жаңартылған білім беру мазмұнының мақсатын жүзеге асырудың теориясы мен практикасын жан-жақты талқылау болып табылады.

 

Конференцияға ҚР білім беру ұйымдарының (ЖОО ғалымдары, жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері, әдіскерлер) өкілдерімен қатар, Нидерланд, Польша, Ресей, Беларусь, Қырғыз мемлекеттерінің профессор-ғалымдары қатысты.

 

Конференция жұмысына ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор, профессор Ақтолқын Құлсариева қатысып, конференцияға қатысушыларды құттықтап сөз сөйледі.

 

Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Каймулдинова конференцияға қатысушыларды құттықтап, секциялар жұмысына табыс тіледі.

 

Пленарлық мәжілісте PhD докторы, профессор Ewa Wietsma (Нидерланд), PhD докторы, профессор Божена Лозовицка (Польша), п.ғ.д., профессор Ольга Курдуманова (Ресей), п.ғ.д., профессор Ольга Роговая (Ресей), х.ғ.к., доцент Алла Козлова-Козыревская (Беларусь), п.ғ.д., профессор Бакдолот Кособаева (Қырғызстан) баяндама жасады.

 

Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның екінші күнінде қатысушылардың ғылыми баяндамалары тыңдалды, шеберлік сыныптар және семинар-тренингтер өткізілді. Конференцияға қатысушыларға ғылыми мақалалар жинағы мен сертификаттар табыс етілді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

«Химия» кафедрасы