қазақша · русский · english
   
  Main  News
26.11.2019

Білім беруді модернизациялау жағдайындағы педагогикалық кадрлар даярлаудың заманауи тенденциялары

 

   

 

2019 жылдың 19 қарашасында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті базасындағы ҚР БҒМ Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы Оқу-әдістемелік бірлестігі-Жобаларды басқару топтарының көшпелі мәжілісі өтті.

 

Көшпелі мәжіліске Қазақстанның жоғары оқу орындары, Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, Ақыл-есінің немесе бой-бітімінің жетілуінде кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу және кәсіби еңбекпен оңалту орталығы, Түзету педагогикасының Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, облыстық Білім басқармасы, Ақтөбе қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Ақтөбе облысының арнайы білім беру мекемелері, Ақтөбе облысы әкімшілігінің өкілдері қатысты. Мәжілісте Назарбаев Университеті тәжірибесі бойынша ЖОО бітіруші моделін болашақ педагогтардың құзыреттілігін қалыптастыру контекстінде жобалау, инклюзивті білім беруді дамыту мәселелері және перспективалары, шағын жинақталған мектептерге мамандар даярлау, Мектеп-Университет-Өндіріс - сұранысқа ие кадрларды дайындаудағы серіктестер тақырыбындағы өзекті мәселелер қарастырылды.

 

Мәжіліс модераторы ретінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаев сөз сөйледі.

 

Мәжілісте Абай атындағы ҚазҰПУ білім беру бағдарламаларын жобалау департаментінің директоры Адиля Байдильдина «Назарбаев Университеті тәжірибесі бойынша ЖОО бітіруші моделін болашақ педагогтардың құзыреттілігін қалыптастыру контекстінде жобалау», Ақыл-есінің немесе бой-бітімінің жетілуінде кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу және кәсіби еңбекпен оңалту орталығының бас директоры (ӘБЕО) Роза Сүлейменова «Қазақстанда инклюзивті білім беру: эволюция және даму перспективалары», ҚР ЖОО инклюзивті білім беру бойынша ресурстық кеңес беру орталығының директоры Зульфия Мовкебаева «ЖОО-да инклюзивті білім беруді дамыту», Түзету педагогикасының Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы директоры (ТПҰҒПО) Ғалия Абаева «Арнайы педагогтарды дайындауда еңбек нарығының заманауи талаптары», Ақтөбе облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Сүлейменова «Шағын жинақталған мектептер: мәселелері мен шешу жолдары», Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры Бибігүл Абенова «Мектеп-Университет-Өндіріс: білікті кадрлар дайындаудағы серіктестер», Ақтөбе қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі «Үйрен-бөліс» жобасының жетекшісі Зина Дербісалина «НЗМ-Университет - «Үйрен-бөліс» жобасы: дуальды оқыту бағытындағы ізденіс» тақырыбында баяндамалар жасады.

 

Көшпелі мәжіліске қатысушылар білім беруді модернизациялау жағдайындағы педагогикалық кадрлар даярлаудың заманауи тенденциялары мәселелері туралы баяндамаларды тыңдап, талқылап, өз ойларын ортаға салды, кездесуге қатысушылар пікір алмасты. Нәтижесінде Қазақстан Республикасында педагогикалық кадрлар даярлайтын жоғары оқу орындары үшін ұсыныстар қабылданды.

 

РОӘК ОӘБ көшпелі мәжілісі аясында Сербия, Ресей, Қазақстан ғалымдарының қатысуымен «Инклюзивті білім берудің психологиялық-педагогикалық аспектілері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізіліп, арнайы білім беру саласындағы жетекші ғалымдардың шеберлік сағаттары ұйымдастырылды.

 

 

   

 

   

 

   

 

РОӘК ОӘБ