Main
News
01.01.2016 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,
Ұлы тұлғамызға арналған мерейтой шымылдығын Абайдың «Тор жорға» күйімен Іле педагогикалық университеті, «Домбыра» қоғамының өнерпаздары ашты.
«Іле газеті» мекемесінің орынбасары, бас редактор Сәулет Тоқтыбаев, «Іле газеті» мекемесі қазақ редакциясының меңгерушісі, аға редактор Бақытбек Несіпбекұлы, ақын, «Іле кеші» газеті мекемесі қазақ редакциясының әдеби редакторы Нұрболат Әбдіқадір, «Іле кеші» газетінің редакторы ақын Жамағат Шәрбекұлы, «Шыңжаң қазақ жастары» журналының редакторы Тілеуберді Қанәбекұлы, «Шыңжаң қазақ радиосы», «Шыңжаң газетінің» Іледегі тілшісі Байсұлтан Нүктебекұлы қатарлы ағаларымыз ерекше құрметпен құнды пікірлерімен тамаша ойларын айтып Абай атамызға деген теңдессіз құрметін білдірді. Сондай-ақ, Абай атамыздың 170 жылдық мерейтойына арнайы келіп, мағыналы да мәнді әндерімен қытай қазақтарының «Күміс көмей, жезтаңдай» Ән байқауының жүлделі жүйріктері, халықтың қалаулы әншілері Қайсар Далайұлының «Арман» атты әнімен Мырзатай Бексұлтанұлының орындауында Абайдың әні «Көзімнің қарасы» және Қазақстаннан келген әнші М.Шерниязұлының орындауында жүрек жарды «Сағыныш» атты сазды әндерін шырқағанда көрермендердің соққан шапалақ үні толастамай кеш қыза түсті.
Сонымен қатар, қазақтың ою-өрнегімен әшекейленген киім үлгісін сүмбіле сұлуларымыз көрсетіп сахнаны гүлдей құлпыртып жіберді.
Мерейтой шеңберінде «Абай шығармаларынан мәнерлеп өлең оқу мен ән айту, Абайға Жыр Арнау» атты студенттер арасында байқау ұйымдастырылды.
Осы мерейтой шеңберінде өтілген байқауда әр қатысушы өз өнерлерін белсенді түрде әйгілеп, жүлделі орындармен I - орын Жасар Нұрданбекұлы (музыка мамандығының 1 курс студенті), II - орын Аманнұр Байқабылұлы (қазақ тіл және әдебиет мамандығының 3 курс студенті), III орын - Мейіргүл Тұрысқызы(химия мамандығының 3 курс студенті) иеленіп, марапатталса, «Домбыра» қоғамының белді әншісі Ержан Нәбиоллаұлы үздік Абай әнін орындаушы болып бағаланды. Марапатталып, бағаланған студенттерге және осы іс-шараны ұйымдастыруда қолдау көрсеткен Іле педагогикалық университетінің ректоры, профессор С.Ұғыбайұлына, Халықаралық қарым-қатынас басқармасы ұжымына, филология институтының профессор-оқытушылар құрамына «Қазақ-Тұлпар әдебиет» қоғамына, «Аққайнар» сайтына, «Домбыра» қоғамына, Үрімжі «Лина киім-кешек орталығына» және демеушілерге(ақшалай қолдау қорсеткен) «Наржолы» қарым ـ қатынас шекті серіктестігі «Қарамай» бөлімшесінің жауаптысы Бақытгүл Мұқаметқанқызы, «Нұр-шаңырақ» сахналық жобалау қоғамына, Шыңжаң «Қазақ ақпарат» орталығының жауаптысы Жаңабай Тұрсынбайұлы, «Бәйтерек» теле студиясына (байқауды камераға алу ұжымына), саралаушылар мен бағалаушыларға, қатысушы студенттермен келген қонақтарға «Абай орталығының» директоры Ж. Бейсбекова Ұлы қазақ ойшылы, ақын, философ Абай Құнанбайұлын еске алып қолдау білдіру, кейіңгі ұрпаққа дәріптеу ұлы іс екендігін және де осындай іс-шаралардың әлі де ұйымдастырылатындығын баса айтып алғыс білдірді.
Сонымен бірге, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, «Абай орталығы» атынан арнайы дайындалған Алғыс Хат пен Сертификат және естелік бұйымдар мен ақшалай сыйлықтарды «Абай орталығының» директоры Ж. Бейсбекова (I-орын 200 юань, II-орын 150юань, III-орын 100юань) табыс етті.
Осылай мол табыспен ерекше қимастықпен Абай Құнанбаевтың 170 жылдық мерейтой кеші әрбір көрерменнің жүрек төрінде өшпестей орын алып, аяқталды. Кеш соңында «Іле халық станциясы қазақ радиосы» және «Шыңжаң қазақ радиосы», «Шыңжаң газетінің» Іледегі тілшісі Байсұлтан Нүктебекұлы Абай орталығының директоры Ж. Бейсбековаға бір қатар сұрақтар қойып,сұхбат алды. Және де келген қонақтар Абай атындағы Қазақ ұлттық педегогикалық университеті басшылығына және Абай орталығына алғыстарын білдірді.
Сондай-ақ, қалған 7 жас талантты ақын ұл-қыздарымыздың туындылары Аққайнар сайтында 2015 жылдың 04.12.-23.12 аралығына дейін жарияланып, үнхат текшесінде дауыс жинау арқылы Арнау Бірлесұлы көрермен көңілінен шыққан ақын атағын иеленіп, сертификатпен марапатталды. Және де осы Ұлы қазақ ойшылы Абай Құнанбаевтың 170 жылдық мерейтойының Шыңжаң көлемінде аталып өтілу қимылы газет журналдарда жарияланып, жергілікті телеарналарда көрсетілді. Сонымен бірге, Аққайнар сайтына, Абай орталығына көрермендерден Шыңжаң көлемінде аталып өткен Ұлы қазақ ойшылы Абай Құнанбаевтың 170 жылдық мерейтойының өте жақсы деңгейде ұйымдастырылғандығын және Абай Құнанбайұлының дүниеге келгендігінің 170жылдық мерейтойымен құттықтаймыз деп ыстық лебіздерін білдіре отырып, «Құсни Хат» деп аталатын көркем жазу өнерін ою-өрнек түрінде Абай атамыздың мәнді де, мағыналы сөздерімен өрнектеп жазылған хаттары келіп түсті.
Aқпаратты дайындаған: Бейсбекова Ж.Б.
|