қазақша · русский · english
   
  Main  News
14.12.2019

Абай атындағы ҚазҰПУ СМЖ инспекциялық аудитін сәтті өткізді


«Русский регистр» Еуразия қауымдастығы 2019 жылдың 11 - 13 желтоқсан аралығында жүргізілген сертификаттау бойынша инспекциялық аудит нәтижесінде Университеттегі сапа менеджмент жүйесі тұрақты жақсарту қағидасына сәйкес әрекет етуде және дамып келе жатқаны анықталды.

 

Құжаттамадан алынған: «Русский регистр» сертификаттау бойынша қауымдастығы - ірі халықаралық танылған ресейлік сертификаттау және сараптама ұйымы. Ресей, Қазақстан, Украина, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердің 2000-нан астам кәсіпорындары сенім білдірген басқару жүйелерін сертификаттау жөніндегі жетекші ресейлік орган.

 

2003 ж. 01 қазаннан бастап «Русский регистр» IQNet сертификаттау жөніндегі органдардың халықаралық ассоциациясының мүшесі, ал 2006 ж. бастап - оның толық құқықты серіктесі болып табылады. IQNet- мемлекеттік емес, коммерциялық емес Берн қаласында (Швейцария) штаб-пәтері бар ұйым. Әртүрлі елдерде сертификаттарды тануды қамтамасыз ету (1990 ж.), сондай-ақ менеджмент жүйелерін бағалау және сертификаттау саласында басқа да қызметтер көрсету үшін.