қазақша · русский · english
 
 
 



 Хамраев Шерипидин Итахунұлы
Математика, физика және информатика факультетінің деканы
Техника ғылымдарының кандидаты, доцент
 8(727)2910729, сот.: +7-777-771-77-78
hamraev_sh@bk.ru, sh.khamrayev@abaiuniversity.edu.kz

 


 

 Оразбеков Жасұлан Нұрлесұлы
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
PhD, қауымдастырылған профессор
Төле би көшесі, 86
 +7(778)-778-07-31
o.jas@mail.ru

 


 

 Нурмухамедова Жанара Муратовна
Директордың ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары
Доктор PhD
Төле би көшесі, 86, кабинет 211
 +7(727) 272-63-49
nurm_zhanna@mail.ru

 


 

 Мұхашев Жасулан Ерланұлы
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Магистр
Төле би көшесі, 86
 +7(727) 272-82-72
alshyn_zhas@mail.ru

 

 

 

 

МАТЕМАТИКА, ФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ

 

 

МИССИЯСЫ:
Озық әдістемелер, ұлттық мұра және әлемдік тәсілдер негізінде математика, физика, информатика саласында жоғары білікті педагогтар мен мамандарды даярлау
.


КӨРУ – 2029:

Математика, физика және информатика факультеті – Орталық Азиядағы жаңа формациядағы педагогтарды даярлау орталығы.


Факультет туралы

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Математика, физика және информатика факультеті (МФИФ) 1928 жылы физика-математика факультеті деп құрылған. Ол осы университеттің алғашқы факультетінің бірі болып, өзінің жұмысын бастаған. Сол заманда факультет құрамында 9 кісілік «Техника, физика және математика» кафедрасы жұмыс істеп, кафедраны профессор Ермеков Әлімхан Әбуұлы басқарған. Ол Ресейдің Томск қаласындағы Технология институтын бітірген. Профессор Әлімхан Ермеков алғаш рет қазақ тілінде жарық көрген «Жоғары математика курсы» атты оқулықтың авторы.


Қазіргі уақытта факультет Төле би көшесі, 86 мекен-жайы бойынша, университеттің №5 оқу корпусында орналасқан.


Математика, физика және информатика факультетінің құрамына 4 кафедра кіреді:

Физика кафедрасы

Математика және математикалық модельдеу кафедрасы

Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасы

Математика, физика және информатика оқыту әдістемесі кафедрасы

 

Факультеттің оқу ғимаратында оқу процесін ұйымдастыру үшін:

- физика-техникалық бейіндегі 12 оқу және ғылыми зертханалар;

- 9 компьютерлік сынып;

- 2 лингафондық кабинеті, сонымен қатар лекциялар, практикалық сабақтар мен семинарлар өткізуге арналған 30-дан астам аудитория жұмыс істеп жатыр.


Сонымен қатар, оқу процесін ұйымдастыру кезінде факультет университеттің педагогикалық STEM паркінің үш оқу зертханасы (Робототехника, мехатроника және өлшеу құралдары зертханасы) материалдық-техникалық базасын пайдаланады.


Факультет келесі бағыттар бойынша кадрлар дайындайды:

- «Физика, математика және информатика мұғалімдерін даярлау»;

- «Физика ғылымдары»;

- «Математика және статистика»;

- «Ақпараттық жүйелер».


Кадрларды білімнің үш деңгейі бойынша (бакалавриат, магистратура және докторантура) келесі білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады:

Бакалавриат

Магистратура

Докторантура

6В01501 (IP) - Математика

7М01501 - Математика

8D01501 - Математика

6В01502 – Математика-физика

7М01504 - Физика

8D01504 - Физика

6В01504 (IP) - Физика

7М01507 - Информатика

8D01507 - Информатика

6В01505 - Физика ағылшын тілінде

7М01508 – Информатика ағылшын тілінде

8D05302 - Физика

6В01506 – Физика-информатика

7М01509 – Цифрлық педагогика (IP)

8D05401 - Математика

6В01507 – Информатика

7М05302 - Физика

8D06102 – – Ақпараттық жүйелер

6В01508 - Информатика ағылшын тілінде

7М05401 - Математика

 

6В01509 – Информатика және робототехника

7М06102 – Ақпараттық жүйелер

 

6В05302 - Физика

 

 

6В05401 - Математика

 

 

6В06102 – Информационные системы

   

 

7М01507 – Информатика мамандығының студенттері үшін В.П. Астафьев атындағы Красноярск мемлекеттік педагогикалық университетімен қос дипломдық білім беру жүзеге асырылады.

 

Біздің факультетте оқудың артықшылықтары


Факультет білім берудің барлық деңгейлерінде – бакалавриат, магистратура және докторантурада үздіксіз білім береді. Факультеттің білім беру бағдарламаларына мемлекеттік білім беру гранттарының көп мөлшері бөлінген. Математика, физика және информатика мұғалімдерін даярлау бағыты бойынша студенттерге жоғарылатылған шәкіртақы беріледі. Үздік студенттерге Президенттік стипендия тағайындалады. Студенттер үшін жыл сайын ғылыми-тәжірибелік конференциялар ұйымдастырылады, онда олар ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша өз нәтижелерін баяндауға мүмкіндік алады. Оқушылардың қызығушылықтары бойынша әртүрлі үйірмелер жұмыс істейді.


Студенттер контингенті 33
66 адамды құрайды. Оның ішінде: 2917 бакалавриат студенті, 410 магистрант және 39 докторант. Шетелдік студенттердің үлесі 2,2% (65 адам). Бұл ретте студенттердің 94% пайызы мемлекеттік білім грантының иегерлері.


Оқу процесін ұйымдастыру үшін факультет жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құраммен қамтамасыз етілген.


Қазіргі уақытта факультетте 124 оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде 22 ғылым докторы, 36 ғылым кандидаты және 17 PhD докторы, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының (ҚР ҰҒА) 1 академигі және 1 - ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі. Педагогикалық қызметкерлердің 60%- пайыздан астамы ғылыми дәрежеге ие.


Факультеттің 23 оқытушысы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлері. 2023 жылдың қорытындысы бойынша 1 оқытушы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2023» атағының иегері.


Факультеттің профессор-оқытушылар құрамы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландыратын ғылыми жобалардың жетекшілері мен орындаушылары болып табылады. Өткен есепті жылдың қорытындысы бойынша 45-тен астам оқытушы ғылыми нәтижелерін Web of Science және Scopus ғылыми базаларында индекстелген журналдарда жариялады.