қазақша · русский · english
 
Ғылым
 
 

«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) жанындағы Зерттеу этикасы жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қоғамның Ғылым департаменті жанындағы тұрақты жұмыс істейтін, демеушілерден, инвесторлардан, зерттеушілерден тәуелсіз және кез келген ықпал түрінен (мысалы, саяси, институционалдық, кәсіптік немесе коммерциялық сипаттағы) еркін орган болып табылады. Бұл факт зерттеуге қатысушылардың мүдделерінің бірінші кезектегі маңыздылығын қамтамасыз етеді. Кеңес қызметінің негізгі мақсаттары: зерттеуге қатысатын субъектілердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, зерттеушілердің құқықтары мен мүдделерін қорғау.


Кеңес Қоғамның PhD докторанттарының, профессор-оқытушылық құрамының, қызметкерлерінің, білім алушыларының, Қоғамда жүзеге асырылатын барлық ғылыми-зерттеу жұмыстарына (диссертациялық, жобалық зерттеулер, эксперименттер мен сынақтар, ғылыми есептер, мақалалар және т. б.) оларды жоспарлау, бағалау, іріктеу кезеңінде, ғылыми зерттеулер нәтижелерін жүргізу және тарату процесінде этикалық бақылау мен сараптама жүргізеді, зерттеу объектілерінің (тірі табиғат объектілері мен тіршілік ету ортасының) құқықтарын, қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қорғауды қоса алғанда, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жоспарлау, бағалау, іріктеу, жүргізу және тарату процесінде ғылыми зерттеулерді орындаушының этикалық нормаларды сақтауын қадағалайды. Қоғам қызметкерлері мен білім алушыларының ғылыми зерттеулерді бейэтикалық жүргізуіне қарсы іс-қимыл жасайды.


Кеңес құрамы өз ғылым салаларында беделді және қазақстандық және халықаралық ғылыми қоғамдастық мойындаған, сондай-ақ ғылыми жобаларды басқаруда бірегей тәжірибесі бар жоғары білікті 15 ғалымнан тұрады.


Кеңес жұмысының тәртібі: Кеңес отырыстары өтініштердің түсуі бойынша өтеді.


Кеңестің қарауына құжаттар отырысқа дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын қабылданады.


Кеңес отырыстары офлайн/онлайн форматта өткізіледі.


Зерттеу этикасы жөніндегі кеңес туралы ереже (мына жерден жүктеп алыңыз)
 
Зерттеу этикасы жөніндегі кеңестің қорытындысын алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
- Кеңес төрағасының атына өтініш (мына жерден жүктеп алыңыз).
- диссертациялық материалдар / жобалық зерттеу бойынша жоспар немесе есеп / мақала / сауалнамалар / реципиенттердің хабардар етілген келісімі және т.б. (электрондық форматта);
- ғылыми кеңесшілердің / ғылыми жетекшілердің пікірлері;
- үш тілдегі (қазақ, орыс, ағылшын) аннотация;
- тақырыпты бекіту туралы хаттамадан үзінді;
- диссертация немесе ғылыми-зерттеу жобасы орындалған кафедраның (құрылымдық бөлімшенің) қорытындысы / немесе өзге де ғылыми жұмыс;
- ғылыми зерттеу материалдарын плагиатқа тексеру бойынша Қоғамның анықтамасы.

 

Кеңестің қарауына құжаттар отырысқа дейін кемінде 5 жұмыс күні бұрын қабылданады.

 

Кеңес отырыстары офлайн форматта, міндетті түрде зерттеуді орындаушының қатысуымен өтеді.