қазақша · русский · english
 
Ғылым
 
 

«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КЕАҚ Қазақстанда алғашқылардың бірі болып 2019 жылы Постдокторантура бағдарламасын енгізді.

 

Постдокторантура бағдарламасының мақсаты Университеттің ғылыми-педагогикалық қызметінің деңгейін арттыру, Университеттің ғылыми мектептерін құру (үздіксіздігін қамтамасыз ету), перспективалы ғылыми зерттеулер жүргізу, жас зерттеушілердің үлесін арттыруда университетке дарынды жас ғалымдарды тарту және сақтау үшін жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлау болып табылады.

 

Постдокторантураға ғылыми қызметпен және басым және жаңа ғылыми бағыттарды әзірлеумен белсенді айналысатын, Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, 40 жасқа дейінгі (қоса алғанда) жас ғалымдар қабылданады.

 

Іргелі және қолданбалы зерттеулердің басым бағыттары:

- педагогика ғылымдары;

- әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар;

- жаратылыстану ғылымдары.

 

2024 жылға Абай атындағы ҚазҰПУ постдокторанттардың 2-ші легін шығарды: 2022 жылы 3 (үш) постдокторант Сабирова Дина, Қилыбаев Талғат және Сыздықбаева Айгүл және 2023 жылы 7 (жеті) постдокторант Лайсханов Шахислам, Молдағали Бақытгүл, Серікова Самал, Байқұлова Әйгерім, Сапарғалиева Баян, Әкімбекова Шырын және Сейлхан Айнұр.


Постдокторантура туралы ереже