Ғылым |
Ғылыми-консультациялық кеңес ғылыми зерттеулердің әлеуетін дамыту, Қазақстан Республикасының, жақын және алыс шетелдердің басқа білім және ғылым ұйымдарымен ғылыми ынтымақтастық мәселелері жөніндегі консультациялық-кеңесші алқалы орган болып табылады.
ҒКК-нің негізгі міндеттері келесі мәселелер бойынша ұсыныстарды қарау және дайындау болып табылады: 1) Білім беру институттарының ғылыми әлеуетін қолдау; 2) Қазақстан Республикасының жетекші білім және ғылым ұйымдарымен, шетелдік университеттермен және халықаралық ұйымдармен ғылыми ынтымақтастықты және бірлескен зерттеулерді дамыту; 3) Университетте жүргізілетін ғылыми зерттеулерге әртүрлі көздерден гранттық қолдау алуға байланысты жобалық ұсыныстардың тақырыптарын және ұйымдастыру мәселелерін қарастыру; 4) Жобалар мен зерттеулердің орындалуын талдау, университеттегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының тәжірибесін жинақтау; 5) магистратура мен докторантурада ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлаудың білім беру бағдарламаларын ғылыми-әдістемелік қолдау; 6) монографиялар мен басқа да ғылыми басылымдарды сараптамалық бағалау; 7) Университеттің Жас ғалымдар кеңесімен ынтымақтастық; 8) студенттік ғылымды қолдау және дамыту; студенттер мен магистранттардың, ПОҚ ғылыми жұмыстарының конкурстарын өткізуге жәрдемдесу; 9) Ғылым онкүндігінің жоспарланған ғылыми конференциялары мен іс-шараларының тақырыптарын қарастыру; 10) Университеттің ғылыми-зерттеу және оқу бөлімшелері ҒТҚН коммерцияландыру үшін ұсынғантехнологияларды бағалау және т. б.
ҰҚК құрамы тиісті ғылым салаларында қазақстандық және халықаралық ғылыми қоғамдастық тарапынан беделге ие және мойындалған, сондай-ақ ғылыми жобаларды басқаруда бірегей тәжірибесі бар 17 жоғары білікті ғалымдардан тұрады.
Ғылыми-консультациялық кеңес туралы ереже
Ғылыми-консультациялық кеңестің жұмыс тәртібі: Кеңес отырыстары өтініштердің түсуі бойынша өтеді.
Кеңестің қарауына құжаттар отырысқа дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын қабылданады. Кеңес отырыстары офлайн форматта өтеді.
|