
Main
News
29.05.2020
Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ елдерінің ортақ құндылықтары бар
2020 жылдың 28 мамырда Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының профессор-зерттеушісі М.Б. Асанбаев ZOOM платформасында онлайн-семинар өткізді. «Орталық Азия және Оңтүстік Кавказ трансаймақтық тарихи-мәдени кеңістігін құрастыру» семинарына кафедра оқытушылары, магистранттары және PhD докторанттары қатысты.
Онлайн іс-шара барысында екі көрші жатқан аймақты ортақ тарихи және әлеуметтік-мәдени кеңістікке бейімдеу және оларды жаңа саяси және әлеуметтік шынайылыққа топтастыру арқылы бірыңғай Орталық Азия және Оңтүстік Кавказ трансаймақтық тарихи-мәдени кеңістігі моделінің үлгісі жасалды.
Семинардың қорытынды бөлімінде Каспийдің бергі және арғы жағалауында тұратын халықтар өркениетінің айырмашылықтарына қарамастан, оларда ортақ ауқымды құндылықтар жиынтығының бар екендігі айқындалды. Бұл өз кезегінде жаңа әлеуметтік-саяси шынайылықты және ортақ әлеуметтік ортаны қалыптастыра алатын модель бола алады.
Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы Вернутся назад |
|
050010, Republic of Kazakhstan Almaty, Dostyk аve., 13
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
|
Office: 8 (727) 390 60 05
Admissions Office/Call center: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04
8 (727) 291 57 68
Сitizen reception on personal matters
|