қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
12.06.2020

ҚазҰПУ әлемдегі педагогикалық университеттердің үздік бестігінде

 


 

QS World University Rankings (QS) компаниясы 2020 оқу жылына жоғары оқу орындарының жыл сайынғы рейтингісінің нәтижелерін жариялады. Әлемдік рейтингтегі үздік университеттер қатарында отандық жоғары оқу орындары да бар. Қазақстандық 10 ЖОО өз нәтижелерінің жоғары екендігін дәлелдеді. Рейтингке әлемнің 80 елінің 1002 жетекші университеті ұсынылған.

 

Педагогикалық жоғары оқу орындары арасында QS әлемдік рейтингінде Абай атындағы ҚазҰПУ 601-650-ші орын алып, әлемдегі ең үздік педагогикалық университеттердің ТОП-5-іне кірді. Университет École Normale Supérieure de Lyon (161), Beijing Normal University (279), National Taiwan Normal University (331), East China Normal University (501-510) оқу орындарына ғана жол берген. Қазақстан университеттері арасындағы рейтингте Абай университеті алтыншы орынды иеленді.

 

Рейтинг нәтижелерінде университеттердің негізгі сипаттамалары - жоғары оқу орнына түсушілердің белсенділік дәрежесі, оқу орнының құрылған жылы, мәртебесі (жеке немесе мемлекеттік), сондай-ақ ұсынылған факультеттер мен жүргізілген зерттеулердің алуан түрлілігі ескерілді.

 

 

Авторы: Гүлнар Жұмабайқызы

12.06.2020 ж.

Ақпарат көзі: aikyn.kz