қазақша · русский · english
   
  Main  News
11.12.2020

Тәуелсіздік мерекесіне арналған әдеби-музыкалық кеш

 

2020 жылы 10 желтоқсанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы мен Филология және көптілді білім беру институтының ұйымдастыруымен онлайн режимінде Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік тірегім - Қазақстан жүрегім» әдеби-музыкалық кеш өтті.

 

Іс-шараны университетіміздің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Г.П. Шаһарман құттықтау сөзімен ашты. Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры Қ.Қалыбаева сөз сөйлеп, шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы Төлеген Меркібаев музыкалық кешті «Отан - Ана» әнімен бастады. Еліміздің тарихы беттерінен ірі оқиғаларды еске түсіру мақсатында «Көшпенділер», «Желтоқсан оқиғасы» фильмдерінен үзінділер көрсетілді. Кештің әдеби қыры одан әрі жалғасып, Қазақстанның әр түкпірінен оқитын студенттер өз шығармашылықтарынан Тәуелсіздікке арнаған өлеңдерін оқыды. Тәжіғали Ислам мен Ахмадиев Айбынның жүректі тебірентер өлеңдері көпшіліктің көңілінен шықты. Сонымен қатар Мэлісова Данараның орындауындағы «Майлықожаның термесі» және Жансая Еркінқызының орындауындағы Құрманғазының «Балбырауын» күйі көпшілікті таңқалдырды.

 

Әдеби-музыкалық кеш соңында «Атамекен» әні орындалды. Қорытынды сөзді Филология және көптілді білім беру институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.С.Қасенов алып, студенттердің белсене қатысқандары үшін алғыс білдірді.