қазақша · русский · english
   
  Main  News
02.07.2021

«KAZDUAL: Еуропалық жүйенің тәжірибесін ескере отырып, Қазақстандағы дуалды білім беруді тиімді дамыту жолдарын іздеу» халықаралық онлайн-семинарының қорытындысы

 

2021 жылғы 30 маусымда Абай атындағы ҚазҰПУ ERASMUS+ бағдарламасының «KAZDUAL - Қазақстанда дуальды жүйені енгізу» халықаралық жобасы аясында «KAZDUAL: Еуропалық жүйенің тәжірибесін ескере отырып, Қазақстандағы дуалды білім беруді тиімді дамыту жолдарын іздеу» халықаралық онлайн-семинарын өткізді.

 

Семинардың мақсаты - KAZDUAL жобасының қатысушылары жұмыс берушілердің, жоғары оқу орындарының және әртүрлі секторлардағы білім алушылардың қажеттіліктері мен мүдделерін ескеруге, қолданыстағы практиканы жақсартуға және Қазақстандағы дуальды оқыту жүйесінің тиімділігін арттыруға, қазақстандық білім беруді реформалау бойынша қажетті шараларды айқындауға, енгізуге және қолдауға мүмкіндік беретін дуальды білім беру моделін әзірлеу.

 

Жобаға қатысушылар үшін жобаның еуропалық әріптестерінің тәжірибесін пайдалану, дуальды білім берудің қалыптастырылып отырған моделіндегі негізгі стейкхолдерлер ретінде білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілердің қатысуымен білім беру бағдарламаларын үндестіруге ықпал ету маңызды.

 

Семинарды іс-шараның модераторы және спикері, постдокторант, Абай атындағы ҚазҰПУ KAZDUAL жобасының үйлестірушісі Сапаргалиева Баян ашты. Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтының директоры, жоба сарапшысы Абаева Галия, Ғылым департаментінің коммерцияландыру бөлімінің бастығы Игисинов Талғат, жобаны жобалау - техникалық сүйемелдеу бойынша негізгі тұлға, сондай-ақ жобаның нәтижелерін тарату және пайдалану бойынша жобаның жауапты тұлғасы, KAZDUAL жобасының білім беру бағдарламаларының талдаушысы Сабирова Дина сөз сөйледі.

 

Жобаның жұмыс тобы Қазақстанда дуальды жүйені енгізудің теориялық аспектілерін қарастырды. Германия мен Австрияның дуальды білім беру ерекшеліктері талқыланды. Содан кейін педагогикалық мамандықтарда дуальды оқытуды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талдап, қорытынды шығарды.

 

Ұйымдастырушылар - ҚазҰПУ-дағы KAZDUAL жобасының жұмыс тобы - Педагогика және психология институты, Коммерцияландыру бөлімі, Ғылым департаментінің педагогикалық технологияларды талдау зертханасы.


Онлайн-семинарда 70-тен астам қатысушы, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстан елдерінің жоғары оқу орындары мен ұйымдарының өкілдері болды, олардың ішінде: Бұхара мемлекеттік университеті, Самарқанд мемлекеттік университеті, ОШ технологиялық университеті, Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік (БСҚА), Қазақстандағы Эразмус+ ұлттық кеңсесі, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Шәкәрім университеті, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Семей электротехникалық колледжі, Қарағанды жоғары политехникалық колледжі, Әуезов атындағы ОҚУ колледжі және Абай атындағы ҚазҰПУ.

 

Сессия барысында семинарға қатысушылардың сұрақтары мен жауаптары айтылды. Өткізілген іс-шара бойынша кері байланыс алу үшін жобаның жұмыс тобы семинардың қанағаттануы туралы сауалнама жүргізді, оған респонденттердің 80%-ы қатысты, тілек ретінде дуальды білім беру жүйесі бойынша семинарларды өткізуді жалғастыру бойынша ұсынымдар берілді, тыңдаушылардың одан әрі хабардар болуы оны табысты іске асыру үшін KAZDUAL жобасына өз үлесін қосуға ниет білдірді және дайын болды. Іс-шараға қатысушылар спикерлер мен ұйымдастырушыларға пайдалы ақпарат пен семинардың жақсы ұйымдастырылғаны үшін алғыс білдірді.

 

Онлайн іс-шараны қорытындылай отырып, аудиторияның жоғары белсенділігін атап өтуге болады, бұл тыңдаушылардың дуальды білім алуға деген қызығушылығын көрсетеді.