Main
News
21.11.2016
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Алматы қаласының 1000 жылдығына орай "Туған өлкенің тірі аңыздары" тақырыбында Жас ғалымдар форумы өтті. Форумда 15-ке жуық баяндамалар оқылып, талданды. Университетіміздің Жас ғалымдар Кеңесінің жоспарына сәйкес барлық мақсаттарының орындалуына үлес қосқаны үшін Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, Қазақ ҰА академигі Пірәлиев Серік Жайлауұлына алғысымыз шексіз. Сондай-ақ, Абай атындағы ҚазҰПУ-дің ғылыми ісі жөніндегі проректоры, ф.-м.ғ.д., профессор Косов Владимир Николаевич пен Абай атындағы ҚазҰПУ-дің Ғылым басқармасы бастығы Оспанов Баймұрат Ермағамбетұлына зор алғысымызды білдіреміз. Форумға келген қонақтар арасында Бейнелеу өнері және сәндік қолөнер теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. Сманова Ақмарал Смаилқызы, Филология және көптілді білім беру институты Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а., фил.ғ.к. Жиренов Саян Аманжолұлы,Педагогика және психология институты директорының ғылыми істер және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары, магистр, аға оқытушы Махметова Айгерім Аманқызы, Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Сеитов Рашид Қызырбекұлы, Медеу аудандық Жас Отан жастар қанатының төрайымы Нұрқасым Эльнура Маратқызы, аймақтанушы әрі Жас ғалымдар Кеңесінің мүшесі Мақсат Жақау, Археология институтының бас ғылыми қызметкері Нұржанов Арнабай Әбішұлы жас ғалымдарға бағыт-бағдар берерлік құнды ақылдарын айтып, ой-пікірлерімен де бөлісті. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жас ғалымдар кеңесі ректор бұйрығымен 2012 жылы құрылған. Абай атындағы ҚазҰПУ Жас ғалымдар кеңесі Абай атындағы ҚазҰПУ-де жұмыс істейтін және оқитын жас ғалымдар мен мамандардың мүддесін алға тартатын, ақылдасып-кеңесетін орган болып табылады. Жас ғалымдар кеңесінің негізгі іс-әрекеті университеттің жас ғалымдарының басын біріктіріп, олардың мүддесін жарыққа шығаруға, жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін барынша толықтай іске асыруы мен кәсіби деңгейін жетілдіруге ықпал ету болып табылады. Тағы бір қуанарлық дүние - басшылық тарапынан жас ғалымдар Форумының мақалалар жинағы мен бірге бағдарламасы, форумның арнайы папкасы және қатысушылардың барлығына қатысқандығын растайтын сертификат берілді. Барлық жас ғалымдарымыздың мақалалары тегін жарияланды. Мақаланы дайындаған: Жас ғалымдар Кеңесінің төрайымы, Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор Эльмира Уайдуллақызы.
|