қазақша · русский · english
   
  Main  News
21.11.2016

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Алматы қаласының 1000 жылдығына орай "Туған өлкенің тірі аңыздары" тақырыбында Жас ғалымдар форумы өтті. Форумда 15-ке жуық баяндамалар оқылып, талданды.

Университетіміздің Жас ғалымдар Кеңесінің жоспарына сәйкес барлық мақсаттарының орындалуына үлес қосқаны үшін Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, Қазақ ҰА академигі Пірәлиев Серік Жайлауұлына алғысымыз шексіз. Сондай-ақ, Абай атындағы ҚазҰПУ-дің ғылыми ісі жөніндегі проректоры, ф.-м.ғ.д., профессор Косов Владимир Николаевич пен Абай атындағы ҚазҰПУ-дің Ғылым басқармасы бастығы Оспанов Баймұрат Ермағамбетұлына зор алғысымызды білдіреміз. Форумға келген қонақтар арасында Бейнелеу өнері және сәндік қолөнер теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. Сманова Ақмарал Смаилқызы, Филология және көптілді білім беру институты Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а., фил.ғ.к. Жиренов Саян Аманжолұлы,Педагогика және психология институты директорының ғылыми істер және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары, магистр, аға оқытушы Махметова Айгерім Аманқызы, Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Сеитов Рашид Қызырбекұлы, Медеу аудандық Жас Отан жастар қанатының төрайымы Нұрқасым Эльнура Маратқызы, аймақтанушы әрі Жас ғалымдар Кеңесінің мүшесі Мақсат Жақау, Археология институтының бас ғылыми қызметкері Нұржанов Арнабай Әбішұлы жас ғалымдарға бағыт-бағдар берерлік құнды ақылдарын айтып, ой-пікірлерімен де бөлісті. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жас ғалымдар кеңесі ректор бұйрығымен 2012 жылы құрылған.

Абай атындағы ҚазҰПУ Жас ғалымдар кеңесі Абай атындағы ҚазҰПУ-де жұмыс істейтін және оқитын жас ғалымдар мен мамандардың мүддесін алға тартатын, ақылдасып-кеңесетін орган болып табылады. Жас ғалымдар кеңесінің негізгі іс-әрекеті университеттің жас ғалымдарының басын біріктіріп, олардың мүддесін жарыққа шығаруға, жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін барынша толықтай іске асыруы мен кәсіби деңгейін жетілдіруге ықпал ету болып табылады.
Осыған орай, Жас ғалымдар Кеңесінің ұйымдастыруымен өткізіліп отырған бұл форумда баяндама оқығандар тек қана Докторанттар мен магистранттар ғана емес, сонымен қатар студенттер де белсене араласты. Атапайтқанда, Өнер, мәдениет және спорт институтының PhD докторанты Небесаева Жанар Орынбековна, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 1 курс магистрі Төлегенов Абылай Көпбергенұлы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехналогия мамандығының 2 курс студенті Сайдбұрқан Айдана Үлесқызы, Абай атындағы ҚазҰПУ, 2 курс студенті, Қыдырманова Маржан СЕРИКЖАНОВНА, Филология және көптілді білім беру институтының магистранты Ербосын Жанна Балхашқызы, Педагогика және психология институтының магистранттары Хамитжанова Аяулым, Дарханқызы Жұлдызай, Нарбекова Маржан, Төлеген Ақтолқын, Таджібаева Сабира, Жұмабай Аида, Тасбалта Назерке, Ізбасар Айдана, Прмантаева Ақмарал, Нұрғалық Гүлзат, Балмаханова Сандуғаш, Шермат Фариза т.б. өздерінің зерттеп жүрген ғылыми жұмыстарының тақырыбынан бөлек, форум тақырыбына байланысты және қазіргі таңдағы ғылымдағы өзекті мәселелерді де көтере білді.

Тағы бір қуанарлық дүние - басшылық тарапынан жас ғалымдар Форумының мақалалар жинағы мен бірге бағдарламасы, форумның арнайы папкасы және қатысушылардың барлығына қатысқандығын растайтын сертификат берілді. Барлық жас ғалымдарымыздың мақалалары тегін жарияланды.
Бұл атқарылған іс-шара жастарымыз үшін және олардың келешекте мықты ғалым болып қалыптасулары үшін өте маңызды деп есептеймін. Тарихымызды ұмытпайтын, керісінше ұлықтайтын жастарымыз көп болсын және аман болсын!

Мақаланы дайындаған: Жас ғалымдар Кеңесінің төрайымы,

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор Эльмира Уайдуллақызы.

 

 

 



1240

Вернутся назад