қазақша · русский · english
   
  Main  News
15.12.2016

 

Қызылорда облысындағы кәсіби бағдар


Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Білімгерлерді қабылдау мен мамандарды даярлауды бақылау» орталығының директоры э.ғ.д., профессор Иманбердиев Борасын Джакипбайұлының ұйымдастыруымен университеттің жылдық кәсіби бағдар беру жоспарына сай, қараша айының 13-20 күндері аралығында Педагогика және психология институтының аға оқытушысы Жанкушков Бауыржан Оразайұлы, Жаратылыстану және география институтының аға оқытушысы Бирталаев Ерлан Қадырұлы, университетің «Таным» телестудиясының директоры Иманкулов Серик, университеттің техниқалық құралдармен оқыту бөлімінің бастығы Үйсінбаев Абылғазы және «Білімгерлерді қабылдау мен мамандарды даярлауды бақылау» орталығының әдіскері Байсеитова Жанасыл Нурмухановна Қызылорда облысынының аудандарының 11 - сынып бітіруші түлектеріне кәсіптік бағдар беру жұмысын өткізу мақсатында іс-сапарға барып келді.


Іс-сапар нәтижелі болу үшін алдын ала облыстық басқармасымен, аудандық білім басқармаларымен байланыс жасалынып, жоспар құрылды.


Іс-сапар барысында Қызылорда облысының Қазалы, Қармақшы, Тереңөзек, Сырдария, Шиелі және Жаңақорған аудандарының мектеп бітірушілерімен, аудан орталықтарында кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында түлектерге Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің тарихы мен жетістіктері туралы қысқа бейнеролик көрсетілді. Оқытушылар тарапынан университеттің кешегісі мен бүгінгісі, ғылыми жетістіктері, білім деңгейі, жүргізілген тәрбиелік іс-шаралары, жатақхана жағдайы, университет ғимаратының сыртқы бейнесі, сауықтыру ұйымдары жайында әңгіме-сұхбат жүргізілді. Тәжірибе алмасу мақсатында, университет студенттерін шет елдерге жіберу мақсатында Академиялық ұтқырлық бағдарламасы туралы да айтылды. Университеттегі студенттердің әлеуметтік жағдайлары туралы да әңгіме қозғалып, студенттерге көрсетілетін әлеуметтік жеңілдіктер, ректорлық жеңілдіктер жайында да аталып өтілді. Әрбір мамандықтың ерекшеліктері туралы және мамандықтың мамандандырылуларымен таныстырылды. Сонымен қатар университеттегі жазғы қабылдау комиссиясының жұмыс істеу мерзімі мен қабылдауға арналған құжаттар, жаңалықтары туралы ақпарат берілді. Қосымша биылғы студеттерді қабылдау ерекшеліктері және жаңа форматтағы ҰБТ, КТ және арнайы педагогикалық емтихандар туралы ақпарат берілді. Түлектердің қойған сауалдарына жауап беріп, әңгіме-сұхбат жүргізілді.

 

                              

                                                       КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ КАРТАСЫН ОЙЛАСТЫРУ

 

                              

                                                                   КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ КЕЗЕҢІ

 

                              

                                                            АҚПАРАТТЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ ТАРАТУ

 

                              

                                                            АҚПАРАТТЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ ТАРАТУ

 

                             

                                                             КЕРЕКТІ БУКЛЕТТЕРДІ ТАҢДАУ КЕЗЕҢІ