
Main
News
24.11.2021
Оразкүл Асанғазымен онлайн сұхбат студенттерге үлкен әсер қалдырды
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Жаратылыстану және география институтының студенттермен жұмыс бөлімінің жетекшісі Ляззат Демеуова және институттың студенттік өзін-өзі басқару кеңесінің ұйымдастырумен, Қоғам және мемлекет қайраткері, экс-депутат, «Құрмет және Парасат» ордендерінің иегері, тіл жанашыры, оқу ісінің үздігі Оразкүл Асанғазымен «Ел болам десең, бесігіңді түзе» онлайн сұқбат өткізілді.
Іс-шара Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Каймулдинованың құттықтау сөзімен басталды. Кездесуде Оразкүл Асанғазы қыз тәрбиесі туралы, отбасы мен мансапты қалай қатар алып жүру керектігін және ұлттық тіл туралы ойларымен бөлісе отырып, жастармен әңгімесін өрбітті. Студенттер кездесу барысында өздерін қызықтырған сұрақтарына мардымды жауаптарын алды. Кездесуге қатысқан студенттер керемет әсерде қалды.
Вернутся назад |
|
050010, Republic of Kazakhstan Almaty, Dostyk аve., 13
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
|
Office: 8 (727) 390 60 05
Admissions Office/Call center: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04
8 (727) 291 57 68
Сitizen reception on personal matters
|