қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
24.01.2022

«ЖОО үздік оқытушысы-2021» конкурсының жеңімпаздары - орыс тілі және әдебиеті кафедрасының оқытушылары

 

Республикалық конкурстық комиссия мамандық бойынша үздіктердің ішінен үздіктерді таңдады. Комиссия құрамына ҮЕҰ, БАҚ, студенттік және жастар ұйымдарының, Қазақстандық ЖОО қауымдастықтарының өкілдері және білім беру саласындағы сарапшылар кірді.

 

Конкурс жыл сайын оқытушы мамандығының беделін арттыру және жоғары оқу орны педагогтарын одан әрі кәсіби өсуге ынталандыру мақсатында өткізіледі.

 

Қазақстандық 45 ЖОО-ның 150 оқытушысы жеңімпаз атанды.

 

Біздің университетіміздің жеңімпаздары арасында филология ғылымдарының докторы, профессор Дамина Шайбакова және PhD докторы, қауымдастырылған профессор Дина Сабирова бар.

 

Әріптестерімізді лайықты марапатымен құттықтаймыз және отандық білім беру игілігіне табыс тілейміз!