қазақша · русский · english
   
  Main  News
14.04.2022

«How to become a creative teacher» педагогикалық идеялар фестивалі

 

2022 жылдың 12 cәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтында «8D013-пәндік мамандандырылмаған педагогтарды даярлау» мамандығының 3 курс докторанты Г.С. Махарова «How to become a creative teacher» тақырыбы аясында «Бастауыш білім көптілділікпен» мамандығының 1 курс магистранттары арасында педагогикалық идеялар фестивалін ұйымдастырды.

 

Бұл фестивальдың мақсаты - магистранттардың лингводидактикалық әлеуеттерін, шығармашылық қабілеттері мен педагогикалық шеберліктерін дамытуға ықпал ету, жеке идеяларын бөлісуге және оны жүзеге асыруға мүмкіндік беру.

 

Фестивальды өткізу барысында магистранттар өзара 4 топқа бөлініп, әртүрлі түрлі пән бойынша (жаратылыстану және дүниетану, қазақ тілі мен ағылшын тілі және математика) инновациялық технологияларды қолдану арқылы дайындаған сабақ үлгілерін көрсетіп, оқытудағы әдістемелік идеяларымен бөлісті.