қазақша · русский · english
   
  Main  News
12.05.2022

Ұлы Жеңіс күніне орай


Ұлы жеңіс күнінің қарсаңында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті мен Абай университеті қызметкерлер кәсіподағының қолдауымен Ардагерлерге қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

 

Іс-шара барысында Академиялық мәселелер жөніндегі проректор М.А. Бектемесов пен ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.А. Әлмұхамбетов және Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректордың кеңесшісі Ж.Е. Ішпекбаевтың қатысуымен Мәлік Ғабдуллиннің тақтайшасына гүл шоқтары қойылды.

 

Ұлы Отан Соғысының, еңбек майданы және тыл ардагерлеріне, ауған соғысының ардагерлері және қауіптілігі жоғары аймақта қызмет атқарған сарбаздарға арнайы азық-түлік себеттері және ақшалай сыйақы табысталды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=