қазақша · русский · english
   
  Main  News
16.06.2022

Алматыда QS World University Rankings-2023 халықаралық рейтингіне енген Қазақстандық университеттер марапатталды

 

2022 жылғы 15 маусымда Алматы қаласында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің базасында «Зерттеу университетінің Қазақстандық моделі - 20 жылдық даму тәжірибесі» атты Халықаралық форумы өтті, форум барысында QS World University Rankings-2023 халықаралық рейтингіне енген Қазақстандық университеттерді марапаттау рәсімі өтті.


QS рейтингінде жоғары орындарға ие болған Қазақстандық жоғары оқу орындарының топ-менеджерлеріне естелік белгілерді салтанатты түрде QS Орталық Азия және Шығыс Еуропа бойынша аймақтық директоры Сергей Христолюбов табыс етті. Биылғы жылы университеттердің беделді рейтингіне Қазақстаннан 16 жоғары оқу орындары қатысты, оның ішінде 2-і алғаш рет қатысуға өтінім берді.


Рейтинг қорытындысы бойынша алғаш рет Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемнің үздік 150 университетінің қатарына кіріп, Қазақстандық рейтингте көш бастады. Екінші орынды үздік-300 нәтижемен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ иеленді. Абай атындағы ҚазҰПУ рейтингте алтыншы орынды иеленіп, үздік-500-ге жақындады.

 

QS World University Rankings нұсқасы бойынша Қазақстан университеттерінің рейтингтік тізімі келесідей:

 

1) Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - 150.

2) Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті - 277.

3) Satpaev University - 405.

4) Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті - 443.

5) Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті - 481.

6) Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті - 511-520.

7) Алматы технологиялық университеті - 561-570.

8) Қарағанды техникалық университеті - 651-700.

9) С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті - 651-700.

10) Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті - 701-750.

11) Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті - 801-1000.

12) Қазақстан-Британ техникалық университеті - 801-1000.

13) КІМЕР - 801-1000.

14) Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті - 1001-1200.

15) С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - 1201-1400.

16) С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті - 1201-1400.

 

  alt= 

 

                                                                                                                                                                                                             Стратегия департаменті