қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
28.07.2022

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті үздік бестікке енді

 


Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) 2022 жылы Қазақстан Республикасындағы ЖОО-ға сұраныстың жыл сайынғы тәуелсіз рейтингін жүргізді. Рейтингке Қазақстан Республикасының 35 жоғары оқу орны қатысты, соның ішінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті үздік бестікке енді, - деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

 

Осылайша, биыл өткен жылмен салыстырғанда ұстаздар ұстаханасы өз көрсеткішін 1631 пунктке жақсартып, педагогикалық жоғары оқу орындарының ішінде еліміздегі 1-ші педагогикалық университет мәртебесін растады. Институционалдық тиімділік кеңсесі өткен жылдың нәтижелерімен салыстырмалы талдау жүргізді, аталған ЖОО келесі бағыттар бойынша өз көрсеткіштерін айтарлықтай жақсарта алды.

 

Айталық, «Педагогикалық ғылымдар» бакалавриатының салалары бойынша институционалдық рейтингте 1-ші орынға ие болды. Ал, «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» өз көрсеткіштерін 3-орыннан 1-орынға, «Математика мұғалімдерін даярлау» - 2-орыннан 1-орынға; «Физика мұғалімдерін даярлау» - 2-орыннан 1-орынға; «Информатика мұғалімдерін даярлау» - 3-орыннан 2-орынға жақсартты.

 

«Педагогикалық ғылымдар» магистратурасының салалары бойынша институционалдық рейтингте Абай университеті 4-орыннан 2-орынға көтерілді. Мәселен, «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» - 2-ден 1-орынға; «Арнайы педагогика бойынша кадрлар даярлау» - 3-тен 1-орынға көтерілді.

 

Сондай-ақ, университет білім беру бағдарламаларындағы алғашқы орындарын тағы да растай алды: бакалавриат бойынша «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»; «Алғашқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау»; «Химия мұғалімдерін даярлау»; «Биология мұғалімдерін даярлау»; «География мұғалімдерін даярлау»; «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау»; «Арнайы педагогика мамандарын даярлау», ал магистратура бойынша: «Биология педагогтарын даярлау».

 

«Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау»; «Шет тілі мұғалімдерін даярлау»; «Арнайы педагогика бойынша кадрлар даярлау» және «Құқық». «Педагогикалық ғылымдар» докторантура салалары бойынша институционалдық рейтингте университеттің келесі ББ белгіленді: «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»; «Химия пәні мұғалімдерін даярлау»; «Биология бойынша педагогтарды даярлау»; «География пәні мұғалімдерін даярлау»; «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау»; «Арнайы педагогика бойынша кадрлар даярлау» 1-орынды иеленді.

 

Жоғарыда көрсетілгендердің барлығынан басқа тұңғыш университеттің білім беру бағдарламалары келесі бағыттар бойынша 10 үздік бағдарламаға кіре алды: «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» - 8-орын; «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» - 6-орын; «Бизнес, басқару және құқық» - 8-ші; «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» - 7-орын.

 

Абай университетінің кезекті жетістігі - бүкіл университет қауымдастығының жоғары кәсіби ұжымының еңбегінің жемісі екені сөзсіз. Жоғарыдағы жетістіктерді ескере отырып, талапкерлер дұрыс таңдау жасап, тұңғыш университетке оқуға түсіп, оны бітіру арқылы сапалы білім алып, ғажайып педагогика әлемінің бір бөлігі - ең асыл мамандықтың өкілдеріне айналады.

 

 

28.07.2022 ж.

Ақпарат көзі: bilimdinews.kz



37

Вернутся назад