қазақша · русский · english
   
  Main  News
07.04.2017

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Жетісу жеріндегі « Кәсіби бағдар беру» форумы
03.04.2017 - 07.04.2017

 

         Жетісу - тарихи-географиялық аймақ. Солтүстікте Балқаш, солтүстік-шығысында Сасықкөл мен Алакөл, шығыста Жетісу (Жоңғар) Алатауы, оңтүстік және оңтүстік-батысында Солтүстік Тянь-Шань жоталарымен шектеседі. Тарихи деректер мен зерттеулерде Жетісу атын құрайтын 7 өзен туралы түрліше пікір бар. Бұлардың қатарына Лепсі, Басқан, Сарқан, Ақсу, Бүйен, Қаратал және Көксу өзендері. Осы өзен атауларымен аталған елді мекендер Алматы қаласынан 700 шақырымдай жерде орналасқан. Осындай қашықтыққа қарамай, болашақ тағдырын ойлаған Абай атындағы ҚазҰПУ ректорының тапсырмасымен университтет ұсаздары мектеп бітіруші түлектерге « Кәсіби бағдар беру» үшін 03.04.2017 - 07.04.2017 жыл аралығында Жетісу жерінде жолсапарда болды.

 
            Абай атындағы ҚазҰПУ « Кәсіби бағдар беру» форумының мүшесі, филология және көптілді білім беру институтының доценті Е.Молдасанов «ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТ - ҰТЫМДЫ ТАҢДАУ»


Абай атындағы « Кәсіби бағдар беру» форумының жетекшісі, Жаратылыстану және география институтының аға оқытушысы Е.Бірталаев «Дұрыс кәсіп таңдаған адам - рухы биік тұлға болатыны анық».

 

Педагогика және психология институтының аға оқытушысы Жангушов Бауыржан «2017 жылғы ҰБТ жаңалықтары».
Бүгінгі таңда білім саласында көптеген өзгерістер орын алуда. Оның мән-жайын талқылап түсіндіру әрі Елбасы Жолдауында міндеттелген бірқатар мәселені саралап, нақтылау мақсатында өскелең ұрпаққа болашақ мамандығын дұрыс таңдап, кәсіби құзыретті маман болуына жағдай жасау қазіргі күннің өзекті мәселесі. Соңғы кездерде мектеп түлектері арасында педагогикалық, инженерлік-техникалық, қызмет көрсететін жұмысшы мамандықтарға қызығушылық баяу өсуде. Осы мақсатта , Абай атындағы ҚазҰПУ-да 2015 жылдан бері « Кәсіби бағдар беру» форумы құрылған болатын. Жас ұрпақтың дұрыс мамандық таңдап, болашақ өмірлеріне дұрыс таңдау жасау барысында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ректоры, академик С.Ж.Піралиевтің арнайы тапсырмасымен талантты жастарды іздеу мақсатында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Білімгерлерді қабылдау мен мамандарды даярлауды бақылау» орталығының директоры э.ғ.д., профессор Иманбердиев Борасын Джакипбайұлы басқаруымен 2016 жылы құрылған «Кәсіби бағдар беру форумы» өз жемісін беріп те үлгерді.


 « Кәсіби бағдар беру» форумының мүшесі,Баспасөз орталығы,фотокореспондент С.Иманқұлов.

Топ жетекшісі Е.Бірталаев басқарған топ мүшелері: Педагогика және психология институтының аға оқытушысы Жангушов Бауыржан, Филология және көптілді білім беру институтының доценті Е.Молдасанов 03.04.2017 - 07.04.2017 жыл аралығында Алматы обылысының  Алакөл ауданы Үшарал қаласында,Сарқанд ауданы Сарқанд қаласында, Аксу ауданы Жансүгіров бекетінде, Ескелді ауданы Қарабұлақ бекетінде, Көксу ауданы Балпық би бекетерінде болып, 1300 -ден аса тулектермен және олардың ата -аналарымен пікір алмасып,және тұңғыш жоғары оқу орны Абай атындағы ҚазҰПУ -дың тарихы және материалдық-техникалық базасымен , ондағы заман сұранысындағы мамандықтар туралы, университет ректорының арнайы үздік оқитын жастарға бөлінетін гранттарымен, әлеуметтік жеңілдіктермен таныстырылды.

 


2017 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу /КТ жүйесінегі жаңалықтар :

1 блок- 3 міндетті пән:
• Математикалық сауаттылық (20 тапсырма, бір дұрыс жауап);
• Оқу сауаттылығы (20 тапсырма, бір дұрыс жауап);
• Қазақстан тарихы (20 тапсырма, бір дұрыс жауап);
2 блок екі бейіндік пән бойынша ( таңдаған мамандығына байланысты ) әр пәнде 30 тапсырма (20 тапсырмасы,бір дұрыс жауаптан, 10 тапсырмасы бірнеше дұрыс жауаптан тұрады);
Жоғары балл:140
Шекті деңгей:50 балл

Мектеп бітірушілер мен ата-аналарды толғандырған сұрақтарға қанағаттанарлықтай жауаптар берілді. Сөз соңында мектеп ұжымы және ата-аналармен білімгерлер алғыстарын айта отырып, осындай іс-шараның қажеттігі мамандық таңдауда үлесі зор екендігін айта отырып, жылсайын осындай іс-шараның өтілуіне сұраныс жасады. Абай атындағы ҚазҰПУ-да білім алсақ деген ниеттерін айтып, форумды ұйымдастырған университтет ректорына өз алғыстарын айтты. «Кәсіби бағдар беру форумының» ұжымы Алматы облыстық білім беру басқармасының бастығы Базарқұлова Ләззат Тілеубайқызына және әр аудандағы білім беру орталықтарының басшыларына жақсы қарсы алып, жоғарғы деңгейде ұйымдастырып бергені үшін өз алғыстарын білдірді. Оқушы тұлғасының кәсіби бағыттылығы дегенді біз оқушының мамандық таңдауға өзі қалап және белсенді қарым-қатынасынан көрінетін адам әрекетінің бір бөлшегі деп түсінеміз. Мамандық таңдау кезінде оқушыларға кәсіби бағдар беру әрқашан маңызды мәселе болмақ. Себебі дұрыс мамандық таңдау ол ертеңгі ел тағдыры, адам тағдыры, қоғам тағдыры. Дұрыс кәсіп таңдаған адам - рухы биік тұлға болатыны анық. Рухы биік елдің - жарқын болашағы да айқын болары сөзсіз.  «Сәуір болмай, тәуір болмайды» - деуші еді ата-бабамыз. Тәуір болатын түрі жоқ. Қыс мезгілі әлі аяқталмағандай. Аяз. Жол сапарынан шаршаған топ мүшелері сарқырамада, бір бой жазуда. 2017 жыл.

 

 

 

 

 

 

 

 


Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Білімгерлерді қабылдау мен мамандарды даярлауды бақылау» орталығының директоры э.ғ.д., профессор Иманбердиев Борасын Джакипбайұлы
Филология және көптілді білім беру институтының доценті Е.Молдасанов