қазақша · русский · english
   
  Main  News
22.10.2022

«Менің арманымдағы - Қазақстан» тақырыбындағы эссе конкурсының жеңімпаздары марапатталды

 

2022 жылдың 22 қазаны күні Абай университетінде Республика күніне арналған мерекелік іс-шарада «Менің арманымдағы - Қазақстан» тақырыбындағы эссе конкурсының жеңімпаздары арнайы диплом-сертификаттармен марапатталды.


Аталған эссе конкурсының басты мақсаты - жастардың ел тарихын құрметтей отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тәуелсіздік пен мемлекеттігімізді одан әрі нығайту жолында елге деген азаматтық жауапкершіліктері мен патриоттық сезімдерін арттыру. Конкурсқа қазақ, орыс және ағылшын тілінде жазылған 170 эссе ұсынылды. Оның ішінде қазақ тілінде - 103, орыс тілінде - 22, ағылшын тілінде - 45. Байқау жеңімпаздары 10 адамнан тұратын комиссия құрамының шешімімен анықталды.

 

Жеңімпаздар тізімі:

 

Қазақ тілінде жазылған эсселер бойынша

 

1 - орын - Әбдіманап Дана Қанатқызы - Филология институты «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс студенті;

 

2 - орын - Тлебалды Айгерім Ерланқызы - Педагогика және психология институты «Арнайы педагогика: логопедия» мамандығының 1 курс студенті;

 

3 - орын - Жамбылов Әділхан Нұрланұлы - Математика, физика және информатика институты «Физика мұғалімдерін даярлау» мамандығының 4 курс студенті.

 

Орыс тілінде жазылған эсселер бойынша

 

1 - орын - Ибрагимова Алина Дамировна - Педагогика және психология институты «Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 1 курс студенті;

 

2 - орын - Кусманов Бекболат Серикжанулы - Филология институты «Екі шет тілі» мамандығының 1 курс студенті;

 

3 - орын - Сыропятова Диана Сергеевна - Филология институты «Шетел тілі:екі шет тілі» мамандығының 3 курс студенті.

 

Ағылшын тілінде жазылған эсселер бойынша

 

1 - орын - Жорабекова Самал Абубәкірқызы - Филология институты «Шетел тілі:екі шет тілі» мамандығының 4 курс студенті;

 

2 - орын - Айдарова Тоғжан Айдынқызы - Филология институты «Шетел тілі:екі шет тілі» мамандығының 4 курс студенті;

 

3 - орын - Төрекелді Айхан Сұңқарқызы - Филология институты «Шетел тілі:екі шет тілі» мамандығының 3 курс студенті.

 

  alt=  

 

     alt=

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=