қазақша · русский · english
   
  Main  News
24.11.2022

Ботаника және фитоинтродукция институтына студенттердің экскурсиясы

 

2022 жылғы 21-23 қараша аралығында Ботаника және фитоинтродукция институты «Тұқым банкі» зертханасының жұмыс барысымен танысу мақсатында Жаратылыстану және география институтының «6В01513-Биология» мамандығының 3 курс студенттеріне арналған таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды. Іс-шараны биология кафедрасының жалпы биология бағытындағы профессор-оқытушылар құрамы: Д.К.Айдарбаева,К.Х.Махмудова, Р.У.Саимова, Р.Ж.Джунусова, А.Төлеген, А.Талдыбай ұйымдастырды.


Басты мақсат - білім алушылар арасында ғылыми-зерттеу жұмысына қызығушылықты арттыру және Ботаника және фитоинтродукция институты «Тұқым банкі» зертханасымен ынтымақтастықты дамыту болды.


Экскурсия барысында институт қызметкерлері: Т.Ш. Мурзатаева, К.Ш.Айтымбетова, У.К.Джетигенова, Б.К.Билибаева,А.С. Елубаева, Б.С Дүкенбаева, А.Ж. Алпысова, С.Д.Саржанова зертханада жүргізілетін ғылыми жұмыстармен таныстырды. Білім алушылар экспедициялық сапар, материалдарды жинау және қабылдау, бастапқы тазалау, бастапқы кептіру тұқымдарды алдын-ала мұздату, екіншілік тазалау, тұқымдарды сипаттау,тұқымның өміршеңдігін анықтау, соңғы кептіру, коллекциялар бойынша бөлу туралы ғылыми жұмыстарымен, сонымен қатар гербарий жинау және оны сақтау, микология және альгология зертханалар жұмысымен толық танысып өтті. Әр зертханалық бөлімнің ғылыми қызметкерлері өз зерттеу бағыттары бойынша жасалатын ғылыми жұмыстар бойынша толық мағлұматтар берді. Білім алушыларға зертханалық құрылғылармен жасалатын ғылыми жұмыстардың барысы көрсетілді. Білім алушылар қызығушылық танытып, болашақта ғылыммен айналысуға ниет білдірді. Экскурсия жоғары деңгейде өтті. Олар ботаника және фитоинтродукция институтының ғылыми қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=