қазақша · русский · english
   
  Main  News
31.01.2023

«Психологиялық педагогикалык білім берудің өзекті мәселелері» әдіснамалық семинар

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология институты педагогика және психология кафедрасының ұйымдастыруымен педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ботагүл Тұрғынбаеваның мерейлі 70 жасы аталып өтілді. Республикалық әдіснамалық семинар жұмысына: қайраткер ұстаз, Қазақстаннның Еңбек Ері Аягұл Миразова, университеттің директорлар кеңесінің төрағасы Рахат Шимашева, институт және кафедра ғалымдары мен білім алушылары қатысты.


Іс-шарада алғашқы болып сөз алған университеттің стратегия, цифровизация және интернационализация жөніндегі проректоры Ақтолқын Құлсариева мерейжас иесі туралы мәлімет беріп, жаңа жасымен әкімшілік атынан құттықтады.


Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, академик, Бүкіләлемдік салыстырмалы білім беру қоғамы атқарушы кеңесінің мүшесі Асқарбек Құсайынов - «Дара ұстаз, жаңашыл ғалым, қайраткер тұлға, академик Ботагүл Алтайқызы Тұрғынбаева 70 жаста» тақырыбында баяндама жасады.


Арқалық педагогикалық институты «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі Роза Калимжанованың баяндамасы «Шығармашыл педагог - психологтарды даярлаудағы заманауи тенденциялар» тақырыбына арналды. Ботагүл Тұрғынбаеваны семинарға офлайн және онлайн форматында қатысып отырған әріптестер мен Туркияның Гази және Болгарияның Великотырново универсиеттері ғалымдары құттықтады.


Әдіснамалық семинар жұмысын кафедра меңгерушісі Айгерім Көшербаева қорытындылады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

 

  alt=