қазақша · русский · english
   
  Main  News
03.02.2023

Зияткерлік-танымдық сайыс


2023 жылғы 2 ақпанда университетіміздің стратегиялық даму жоспарына сәйкес Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен «Цифрлық еріктілер» жобасы аясында Ш.Уалиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназиясының 10 сынып оқушылары арасында «Brain Square» зияткерлік-танымдық сайысы өткізілді. Іс-шараға Цифрлық еріктілер жобасының белсендісі, Жаратылыстану және география институтының 3 курс студенті Тахатбек Тлеулес қатысты.


«Brain Square» зияткерлік-танымдық ойыны оқушылардың зияткерлік қызығушылығын арттыруға, логикасын дамытуға, бәсекелестікті қалыптастыруға және көшбасшылық дағдыларын дамытуға бағытталды. Сайысқа қатысушылар алғыс хаттармен марапатталып, жеңімпаз командаларға арнайы дипломдар табысталды. Шара университетпен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, өзара бірлескен жобалардың қатарын толықтырды.

 

  alt=  

 

  alt=

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент