қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
24.02.2023

Atameken - достық мекені


2023 жылдың 23 ақпан күні Абай атындағы ҚазҰПУ 95 жылдығы аясында «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі және «Атамекен» интелектуалды пікірсайыс клубының ұйымдастырумен «Atameken - достық мекені» атты волейболдан жолдастық кездесу өтті.


Жолдастық кездесудің мақсаты - жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру және клуб пікірсайысшылары арасында ұрпақтар сабақтастығын өрбіту.


Кездесуде пікірсайыс клубының аға буын және қазіргі буын өкілдерінен құралған командалар қатысып, иық тіресе үздік ойын көрсете білді. Жолдастық кездесу соңында «ATAMEKEN» командасы жеңіске жетті.


«Атамекен» пікірсайыс клубы спорт алаңында да өздерінің шынайы достар екенін тағы бір дәлелдеді.


Жас спортшылар достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында осындай жолдастық кездесуді жиі өткізуге келісті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=