қазақша · русский · english
   
  Main  News
28.02.2023

Алғыс айту күніне арналған «Отаншылдық - ұлт рухының айнасы» ашық дәрісі

 

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім Комитетінің тапсырмасына сәйкес 2023 жылдың 27 ақпанында Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының ұйымдастыруымен «Отаншылдық - ұлт рухының айнасы» ашық дәріс ұйымдастырылды.

 

Алғыс айту күніне арналған іс-шараны университеттің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шыңғыс Нұрлановпен Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайролла Жанбеков ашып, жалпы қазақ жерінде тұрып жатқан этностық топтардың елімізге қоныс аудару тарихын айтып, қазақ халқының қонақжайлық пен бейбіт өмір үшін жасаған жақсылықтары туралы естеліктерден студенттерге мысалдар келтірді.

 

Іс-шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Гүлжихан Шахарман студенттерге ұлттық патриоттық пен қазақстандық патриоттықтың маңызын ашып берді. Дәріс соңында Өнер, мәдениет және спорт, Педагогика және психология, Тарих және құқық институтының 1 курс студенттері өздерінің сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=