қазақша · русский · english
   
  Main  News
01.03.2023

«Ерлігі ескірмейтін батыр» еске алу кеші

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-да Кеңес Одағының екі мәрте батыры, Қазақстан авиациясының генерал-майоры Талғат Бигелдиновке (1922-2014) арналған «Ерлігі ескірмейтін батыр» тақырыбында еске алу кеші өтті.

 

Аталған шараға Ақтөбе қаласындағы Т.Ж.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының идеология және әскери патриоттық жұмыстар бөлімінің бастығы, подполковник Әділ Қозбағаров онлайн форматында қатысып, «Т.Бигелдиновтің ерлігі мәңгі ел есінде» тақырыбында баяндама жасады. Сондай-ақ университетіміздің бастапқы әскери дайындық кафедрасының меңгерушісі, ҚР Құрметті спорт қызметкері, профессор Әділбай Тастанов «Қазақ батырына тағзым» тақырыбында баяндама жасады. Кеш барысында Филология институтының студенттері батыр туралы қызықты деректерін айтып, күй тартып кештің көркін қыздырса, «Үркер» театры Талғат Жақыпбекұлының өмірінің ең маңызыды сәттерінен қойылым қойды.

 

Жиынның соңында сөз алған Т.Ж. Бигелдинов атындағы Халықаралық қайырымдылық қорының жетекшісі, қызы Галина Бигелдинова әкесі туралы естеліктер айтып, ұйымдастырушылар мен қатысушыларға өз ризашылығын білдірді.

 

Ерлігі ескірмейтін батырға арналған шараға университет оқытушылары, студенттері және Азаматтық авиация академиясының қызметкерлері қатысты.

 

Жиналған көпшілік қауым тұлғаның өмірінен тәлім алып, рухани азық алғандарын айтып, алғыстарын білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  

 

Ұлы дала тұлғалар секторы