қазақша · русский · english
   
  Main  News
02.03.2023

«Dance Fest» қалалық би байқауы

 

2023 жылғы 28 ақпанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдық мерейтойына орай, Жастар ісі жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Dance Fest» қалалық би байқауы өтті. Байқау Алматы қаласының ЖОО студенттерінің арасында ұйымдастырылды. Университеттерден Абылайхан атындағы ҚазХҚжӘТУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, ХАТУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, АУЭС, Азаматтық авиация академиясы және ҚазҰАУ белсене қатысып, өз бақтарын сынады.

 

«Dance Fest» қалалық би байқауының негізгі мақсаты жастардың шығармашылық қабілеттерін шындау және көшбасшылық қабілеттерін арттыру болып табылады. Байқауда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шыңғыс Нұрланов, «Қызықтаймс», «Гакку», «Жыл таңдауы» сынды телевизиялық жобалардың хореграфиясын қойған, Иньянь би тобының қоюшы хореографы Айдарова Анеля, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының «Алтынай» Ансамльінің көркемдік жетекшісі, университетіміздің түлегі Ағиярұлы Бекзат, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың қауымдастырылған профессоры Құмаржанов Алмат сынды тұлғалар қатысушы командаларға өзінің әділ бағасын берді.

 

Байқау қорытындысы бойынша «Көрермен көзайымы» номинациясын «SHADOWS» би тобы, 3-ші орынды «ADC» би тобы, 2-ші орынды «EastLine» би тобы, 1-ші орынды «Шекер» би тобы иеленді. Бұл сайыстың ерекшелігі, университетіміздің жаңашылдығы «Абай арланы» қалың көпшілікке таныстырылды. Университетіміздің 95 жылдық мерейойына орай «Абай арланы» жаңашылдық, жаңа бір леп болды десек артық айтқандық емес. Университет қабырғасындағы алғашқы, жоғарғы деңгейде ұйымдастырылған «Dance Fest» қалалық би байқауы жыл сайынғы дәстүрлі байқау ретінде жалғасын табатынына сенеміз.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Тәрбие,әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті