қазақша · русский · english
   
  Main  News
02.03.2023

«Жаңа Қазақстан: жастар саясатының үздігі» республикалық жастар форумы

 

2023 жылдың 28 ақпанында Тарих және құқық институтының 4 курс студенттері Астана қаласында өткен «Жастар саясатының үздік көшбасшысы» форумына қатысты. Форумның шарты «ҚР Жастар саясатына қосып жүрген үлесім» немесе «Студенттік өмірде менің жеткен жетістіктерім» тақырыптарының негізінде эссе жазу болды. Сайыс қорытындысы бойынша үздік деп танылған «Тарих» мамандығының студенттері Елдос Әуезханов, Лаура Басерева, Ақерке Божбан, Жәнел Бохаева, Рысгүл Жумадилова, Орынша Көкишева, Айгерім Қабылбаева, Азамат Құдайберген, Бибігүл Нұржау, Айзада Пазил, Ризат Рамазанов, Ынтымақ Сарсенбек, Назарбай Талғат, Арайлым Түйехан, Айбара Уйсинбекова «BILIM-ORKENIETI» Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының төсбелгімен марапатталды. Іс-шара Әлем тарихы кафедрасының оқытушысы Руслан Сейтқазиевтың жетекшілігімен ұйымдастырылды.

 

  alt=  

 

  alt=