қазақша · русский · english
   
  Main  News
03.03.2023

Медициналық колледж студенттері арасында кәсіби бағдар беру жұмысы

 

Медицина саласы әрқашан қоғамда ерекше көңіл аударатын, маңызды әрі өте жауапты бола бермек. Дәрігердің ең бірінші міндеті - емделушіге эмпатия танытып, сенім ұялата алу. Егер бұл кәсіби қасиеттер кездеспесе, демек психологиялық білімді жетілдіру маңызды деген қорытындыға келуге болады.

 

2023 жылдың 2 наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Педагогика және психология институты жалпы және қолданбалы психология кафедрасының оқытушысы Салтанат Сәлмеке Есік медициналық колледжінде «Емдеу ісі» және «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша бітіруші 4 курс студенттеріне кәсіби бағдар беру жұмысын колледж директоры Айнұр Сатаева мен директордың орынбасары Раушан Желдебекованың қолдауымен бірлесіп өткізді. Сәлмеке Салтанат кәсіби бағдар беру бойынша студенттерге психолог мамандығын және бағытын түсіндіріп, бірнеше техникалар мен әдістер жүргізді. Кәсіби бағдар беру жұмысының қорытындысы бойынша Сәлмеке Салтанат колледждің 4 студентінің қалауымен жеке кеңес және диагностикалық бағыт бойынша мамандыққа қызығушылық танытқан студенттерге бағыт-бағдар берді. Медициналық колледж студенттерімен өткізілген мамандық таңдау бойынша кәсіби бағдар беру жұмысы нәтижелі әрі өнімді болды.

 

  alt=  

 

 

  alt=  

 

  alt=