қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
27.03.2023

Қажет емес заттарға екінші өмір сыйлау

 

2023 жылдың 24 наурызында Жаратылыстану және география институтында «Аяла» экоклубы және жоба жетекшісі профессор Күлжахан Бакирова студенттер арасында үй жағдайында қоқысты қайта өңдеу, пайдалану бойынша шеберлік сабағын өткізді.

 

Ұйымдастырушылар алдында келесі міндеттер қойылды:

- қағаз қалдықтарына (картоннан жасалған әмияндар) екінші өмір сыйлау;

- пластмассадан жасалған қалдықтарға (бөтелкелерден жасалған вазалар, пластмассадан жасалған шелек) екінші өмір сыйлауды көрнекі түрде көрсету;

- матадан (балауыздан жасалған майлықтар) қалдықтарға екінші өмір сыйлауды көрнекі түрде көрсету.

 

Ең бастысы, қоршаған ортаны сақтау үшін қажет емес заттарды қалай қолдануға болатынын көрсету және мүмкіндігінше жастарды қоқыстарды және қауіпті қоқыс тауларының өсуін тоқтатуға тарту және іс-шараның арқасында ұйымдастырушылар күнделікті өмірде қалдықтарды қайта пайдалану үшін мотивация, дағдыларды қалыптастыруға үлес қосқысы келді. Іс-шара ұйымдастырушылары: Жаратылыстану және география институтының «Аяла» экоклубы, география және экология кафедрасы, жоба жетекшісі профессор Күлжахан Бакирова.

 

  alt=