қазақша · русский · english
   
  Main  News
05.04.2023

Абай университеті командасы ҚР Студенттік спорт лигасының финалына өтті

 

2023 жылғы 3 сәуірде Қазтестте қыздар арасында волейболдан Қазақстан Республикасы Студенттер спорттық лигасының аймақтық жарысы өтті. Абай атындағы ҚазҰПУ құрама командасы 3-ші орынға ие болып, сәуір айының ортасында Түркістанда өтетін Студенттер спорттық лигасының финалына жолдама алды.

 

Құрама команданың жаттықтырушысы - Өнер, мәдениет және спорт институтының дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы А. В. Сүлейменов.

 

Командаға алдағы уақытта да жеңістер тілейміз!

 

  alt=  

 

  alt=