қазақша · русский · english
   
  Main  News
12.04.2023

Институтаралық волейболдан сайыс

 

2023 жылғы 11 сәуірде Жастар ісі жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен «Абай Арланымен студенттік көктем» апталығы аясында институтаралық волейболдан сайыс өткізілді. Сайысқа әр институттан командалар жасақталып, 7 команда өзара бақ сынасты. Қызықты әрі тартысты өткен сайыс нәтижесі бойынша 1-ші орынды Өнер, мәдениет және спорт институты, 2-ші орынды Педагогика және психология институты, 3-ші орынды Жаратылыстану және география институты иеленді. Сайыс ережесіне сәйкес жеңімпаздар арнайы жүлделі орындармен марапатталды. Орын алған командаларды шын жүректен құттықтай отырып, барша қатысқан командаларға алғыс айтамыз!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Жастар ісі жөніндегі басқарма