қазақша · русский · english
   
  Main  News
04.05.2023

Ғалыммен ғибратты кездесу

 

2023 жылғы 4 мамырда «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінде ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры Дүкен Мәсімханұлы университетіміздің белсенді студенттерімен кездесті. Мақсаты - білім алушылардың бойында заманауи дағдыларды дамытып, олардың білім мен ғылым жолындағы ізденістерінде таным көкжиегін кеңейту болды.

 

Дүкен Мәсімханұлымен кездесуде педагогика ғылымдарының докторы, профессор Берікжан Әлмұхамбетов және филология ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық педагогикалық білім беру ғылымдары академиясының академигі Балтабай Әбдіғазиұлы сөз сөйлеп, ғалымның өмір жолы туралы айтып, тарихи естеліктерімен бөлісті.

Жиын барысында Дүкен Мәсімханұлы әлемдік өркениеттің ірі орталығы болып саналатын Қытай мен Ұлы Дала өркениеттерін салыстыру, әсіресе, әдебиет саласындағы өзара ықпалдастықты зерттеудегі ғылыми ізденістерінің жаңашылдығы туралы көптеген ақпараттармен бөлісті. Кездесуге келген студенттер өз ойларындағы сұрақтарын қойып, мәнді-мағыналы жауаптарын алды. Осылайша, үлкендер мен жастар арасындағы өзара ынтымақтастық пайда болды.


Кездесу соңында Дүкен Мәсімханұлына университеттің арнайы кәдесыйлары табысталып, жиынға қатысқандармен естелік суретке түсті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  


«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі