қазақша · русский · english
   
  Main  News
07.09.2023

«Бастауыш білім беру» мамандығының негізгі ерекшеліктері туралы

 

2023 жылғы 7 қыркүйекте Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Педагогика және психология институты «Бастауыш білім беру» кафедрасының 1-ші курс эдвайзерлері Г.Б.Қамза, Г.Х.Сарсенбаева, М.Т.Бекбаева, А.Жүнісбекова қазақ бөлімінің 1-ші курс студенттерімен таныстыру кездесуін өткізді. Студенттер «6B01302 - Бастауыш білім бизнес инновациямен», «6В01303 - Бастауыш білім ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен», «6B01304 - Бастауыш білім көптілділікпен», «6В01305 - Бастауыш білім ағылшын тілінде білім беру» бағдарламаларының ерекшеліктерімен таныстырылды. Бұл кездесуге АКТ маманы, «Бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушысы Б.О.Жанкушков шақырылып, заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың ерекшеліктеріне кеңінен тоқталды. Студенттер ерекше қызығушылықпен тыңдап, белсенді түрде сұрақтар қойды.

 

  alt=  

 

  alt=