қазақша · русский · english
   
  Main  News
11.09.2023

Педагогика және психология институтында Коворкинг орталығы ашылды

 

2023 жылдың 8 қыркүйегінде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Педагогика және психология институтының Коворкинг орталығының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Дархан Біләлов, Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректорының м.а. Клара Исакова, проректорлар, институт директорлары мен профессорлар-оқытушылар құрамы қатысты.


Іс-шараны Дархан Біләлов ашып, осы бастамашыл жобаға қолдау білдіріп, жас ұрпақ үшін заманауи және инновациялық білім беру ортасын құруда, сондай-ақ Қазақстанда білім мен ғылымды дамытуда бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтті.


Клара Исакова демеушілерге және университет ұжымына алғысын білдіріп, университет басшылығы студенттер мен оқытушыларды оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін ең жақсы ресурстармен, соның ішінде заманауи инфрақұрылым мен жаңа құрал-жабдықтармен, кітапхана қорларымен қамтамасыз ету үшін барлық жағдай жасалатындығын атап өтті. «Біз жас ғалымдардың ғылыми дамуы мен ғылым мен білімге қосқан үлесі үшін қолдау көрсетуге ерекше мән береміз. Мақсатымыз - қоғам мен елдің дамуына ықпал ететін сапалы білім мен ғылыми зерттеулерді қамтамасыз ету және осындай игі істерге атсалысқан барлығыңызға алғыс айтамын», - деді.


Коворкинг орталығының ашылуы университеттің білім беру инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Орталық демеушілердің қолдауымен және заманауи талаптарды ескере отырып жасалған. Студенттерге, оқытушыларға және зерттеушілерге бірлесіп жұмыс істеуге, оқуға және ғылыми зерттеулерге көптеген мүмкіндіктер береді, идеялар жүзеге асатын және білім мен инновация қатар жүретін орынға айналады. Институттың аудиториялық қорының бір бөлігі де жаңа оқу жылына жаңартылды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=