қазақша · русский · english
   
  Main  News
15.09.2023

Парасаттылық, академиялық адалдық және этика құндылықтарын қалыптастыру


Абай атындағы ҚазҰПУ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспары аясында 2023 жылғы 11-15 қыркүйек аралығында осы құрылымның бастамасы бойынша білім алушылармен «Парасаттылық, академиялық адалдық және этика құндылықтарын қалыптастыру» тақырыбында кезекті кездесулер өтті.Кездесулер оқу жылына белгіленген оқу форматына сәйкес оффлайн және онлайн режимінде ұйымдастырылды.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және барлық білім беру институттары деңгейінде білім беру сапасын арттыру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі әрбір институтпен (Жаратылыстану және география институты, Филология институты, Педагогика және психология институты, Сорбонна - Қазақстан институты, Өнер, мәдениет және спорт институты, Тарих және құқық институты, Математика, физика және информатика институты) жеке-жеке 7 кездесу өткізді. Бұл іс-шараларға офлайн форматта - 1000, онлайн - 300-ден астам білім алушы қатысты.

 

Кездесулер барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі жалпы университетте парасаттылық, этика құндылықтарын қалыптастыру және академиялық адалдық қағидаттарын сақтауға бағытталған іс-шаралар Университеттің кешенді жоспарына сәйкес жүргізілетіндігі, студент жастарды сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру рухында тәрбиелеу үшін тақырыптық кездесулер, шығармашылық конкурстар, дөңгелек үстелдер өткізілгендігі туралы баяндады.

 

Кездесулер жоғары ұйымдастырушылық деңгейде және студенттердің белсенді қатысуымен өтті. Білім алушылар тарапынан тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылып, нақты жауаптар алынды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=