қазақша · русский · english
   
  Main  News
09.06.2023

Ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды

 

Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Дархан Біләлов пен Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ректоры Сәуле Рахметуллина жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Осы құжаттың негізінде екі университеттің басшылығы бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын интеграциялау, коммерцияландыру бойынша перспективалық жобаларды ұйымдастыру, студенттердің академиялық ұтқырлығы саласын кеңейту, оқу бағдарламаларын сараптау және т.б. мәселелер туралы жоспарлар жасады.

 

Дархан Біләлов биыл Абай атындағы ҚазҰПУ биыл өзінің 95 жылдығын атап өтетініне тоқталып, еліміздің бірінші жоғары оқу орнының тарихымен таныстырды. Бүгінгі жетістіктерімен бөлісті. Өз кезегінде Сәуле Рахметуллина біздің университеттің қазіргі жағдайына жоғары баға берді. Екі жоғары оқу орнының басшылары экологияны Қазақстан үшін өзекті мәселелердің бірі деп санай отырып, Green Metric рейтингінің маңыздылығын алға тартты.

 

Қазіргі уақытта Абай атындағы ҚазҰПУ ТДМ саласында зерттеулер жүргізілуде және 2023-2025 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша постдокторант Сейлхан Айнұрдың жетекшілігімен AP19178093 «Қазақстандық жоғары оқу орындарында Жасыл университет тұжырымдамасын тиімді іске асыру тетіктерін зерделеу» Жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына гранттық қаржыландырудың жүзеге асырылуы ерекше жетістік болып табылады.

 

Д. Серікбаев атындағы университеттің Green Metric саласындағы орасан зор жұмысын ескере отырып, жасыл университет бағытында тәжірибе алмасу, атап айтқанда, Жасыл университет тұжырымдамасын отандық жоғары оқу орындарына енгізу тетіктерін зерделеу жөніндегі бастама қолдау тапты.

 

  alt=  

 

  alt=